Тақырыбы: Балалық тентектік
Мақсаты: Оқушыларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу, құқықтық сауатын арттыру, рухы биік, дені сау тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: Абай мен Ыбырай портреті, сынып ішіндегі оқушы суреттері, жеке бас тазалығы үшін қажетті заттар суреттері, үнтаспа.
Жүрісі:
Бастаушы:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1а сыныбының Балалық тентектік атты ашық сынып сағатына қош келдіңіздер. Сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын
Балалар оқуға бар! Жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан
Қарап тұр терезеден күн жалтырап.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!- деп ақындарымыз жырлағандай, осыдан бір ай бұрын 1 қыркүйек күні мектепке алғаш келген болатынбыз. Енді міне, бар кітапқа бас болған Әліппемен танысып, онан көп нәрсені үйренудеміз.
Мектеп, мектеп
Төңіректеп
Жүруші едім мен кеше.
Сұраушы едім,
Жылаушы едім,
Әпкем кітап бермесе.
Міне мен де
Үлкен болдым
Жасым толды алтыға
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен
Мектебім - айтар әнім,
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын
Зерделі: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Мен де бүгін осы сыныпта өтілетін шараны естіп, арнайы келдім. Өзіммен бірге Әдептілік әліппесін ала келдім.
Әдептілік әліппесі.
- Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп, теріп алмасаң,
Әп - сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнің ойласаң
Әдеп те солай қарағым
Біртіндеп сіңер бойыңа.
Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Әдептілік әлемнің
Басы болар Әліппең.
Бастаушы: - Балалар, өздерің көріп отырғандай бізге бүгін қонаққа Зерделі мен Әдептілік әліппесі келіп отыр екен. Ендеше, осы қонақтарға өзіміздің қандай әдепті, тәртіпті екенімізді көрсетейік.
Осы кезде ішке Жалқаубек кіреді.