Ата - ана жайлы сөз қозғамау

Скачать

Ұрыс-керіс кезінде өзіңді ұстай біл!
Ерлі-зайыптылар арасында кикілжіңдер туындап тұратыны заңды құбылыс. Кейде сөзге келіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда 5 маңызды ережені естен шығармаңыз.

Ата-ана жайлы сөз қозғамау.
Ұрыс-керіске ата-анаңызды қатыстырмаңыз. Сондай-ақ, ата-анаңыздың ұрысқа қатысуына жол бермеңіз. Себебі, екеуара қатынасыңыз қалыпқа келсе де, ата-ана жарыңыздың қылықтарын, сөздерін ұмытпайды.

Күш қолданудан аулақ болыңыз.
Кейде ұрыс барысында бірі сөзден шаршап, жұдырықтасуға ауысып кететін жағдайлар естіп жатамыз. Қанша жерден ашулы, ренжулі болсаңыз да, қол жұмсауға бармаңыз. Жарыңыздың да мұндай әрекетке баруына жол бермеңіз. Сүйікті адамның күш қолдануы кез келген адамның жылы сезімін, махаббатын өшіреді . Бұның әдетке айналып кету қаупі бар.

Ешқашан ажырасу туралы айтпаңыз.
Көптеген адамдар қызуқандылықпен көңіл қалатындай сөздер айтуға барады. Алайда ешуақытта сенімен ажырасамын деп айтпаңыз. Жарыңыз үшін бұл сөздер қатты тиеді. Айта берсеңіз, расында да бір күні қызбалыққа салынып, ажырасып кетуіңіз мүмкін. Сосын өмір бойы бұл әрекетіңізге өкініп жүресіз.

Ұрыс кезінде үйден кетпеңіз.
Ұрысып жатқан кезде үйден шығып кету – қате әрекет. Жарыңыздың кинодағыдай артыңыздан жүгіріп шығып, кешірім сұрауы екіталай. Сүйіктіңіз сабасына түскенде жанжалдың оң шешімін табуға тырысыңыз. Үйден кетіп қалып, кейіннен өкініп қалудан аулақ болыңыз.

Бөлек жатпаңыз.
Ұрыстан кейін басқа бөлмеге ат басын бұрып кететін келіншектер баршылық. Бұл дұрыс емес. Апта бойы үнсіз жүре беру де қателік. Әдеттегі қалыпты сақтау – шиеленіскен мәселені басып , жүйкені тыныштандырады. Ер адам сабырымен, әйел адам даналығымен ұрысты болдырмауға тырысуы керек екенін ұмытпағайсыз. Бақытты болыңыздар!

Дереккөзі: Массагет.


Скачать


zharar.kz