Ұйымдастырылған іс – әрекеттің
№ технологиялық картасы
Топтың жас ерекшелігі: № 4 ΙΙ сәбилер тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету (мысалы: ақырын сөйлеу).
Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты таза ұстауға тәрбиелеу.
Құрал – жабдық: (балалардың текшелермен ойын суреттері), үлестірмелі материал.
Сөздік жұмыс: доп, шар, қуыршақ, пойыз.
Қостілділік компонент: доп - мяч, шар - шар, қуыршақ - кукла, пойыз - поезд.
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеберінде тұрып, бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог балаларға өлең оқып береді.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог ғажайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып:
- Мынау не? Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойынымызды қандырады.
Допты сипаттауға тапсырма береді.
- Ол неге ұқсайды?
Қуыршақ
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
1, 2, 3, 4, 5
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз - қаз,
Қыдырайық аз - маз
Бұл не?
Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету. Қуыршақты сипаттау, қайталау.
(Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады).
Ғажайып қалтаның машина ойыншықты шығару.
- Мынау не?
- Кәне, машинаның түсі қандай?
- Балаларға тағыда текшелер не үшін қажет?(үлкен қорған құрастырмақшы).
- Ойыншық машина неден жасалған екен? (Ұстап көру, сезу ).
- Ол неге ұқсайды? (Текше, шар, қызыл, жасыл немесе автобус).
Қостілділік компонент: доп - мяч, шар - шар, қуыршақ - кукла, пойыз - поезд.
Сергіту сәті.
Бөп - бөп, пыш - пу...
Теміржолшы
Мен – ең күшті.
Абай болшы,
Менен күтші.
Жол ашып қой,
Кім бар? Пыш – ту!
Жер қашық қой!
Бөп - бөп – бөп! Бө - ге – ме!
(Ә. Табылды).
үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Байланысын тап! дидактикалық ойыны.
Шарты: суреттегі заттарды бір - бірімен сәйкестендіреді.
Өткізген: Дюсембекова А. А.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті. жүктеу