Бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова Махаббат Бейсенбаевна
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Күрделі етістік
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушыларда дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік пайда болады, білімдері жетіледі.
Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және тілдік қорлары дамиды.
Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық қарым - қатынаста бір - біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір - бірінен ажыратады. Дара етістік пен күрделі етістіктің жазылуын есте сақтайды. Топтық жұмыс жасауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.
Сілтеме Қазақ тілі - 2 сынып, Атамұра баспасы, http: www. youtube. kz
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, стикерлер, А - 4, кесте, жетондар, тірек сызбалары, плакаттар, монитор.
Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс, түсіндіру, диалог, АКТ, талдау және СТО технологиялары
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау
Дайындалып қойылған суреттер арқылы топқа бөлінеді
І топ өседі сөзі бойынша жеміс - жидектер тобын таңдайды,
ІІ топ киеді сөзі бойынша киімдер тобын таңдайды,
ІІІ топ ұшады сөзі бойынша құстар тобын таңдайды.
Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
Етістікке байланысты жазып келген сөйлемдерін ұсынады.
Етістік ережесін айтады (үш топ мысалдар келтіреді)
Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барысында тірек сызбасы арқылы жұмыстар жүргізу.
І топ Қуды, ойнады, оқыды
ІІ топ Жүзді, тікті, ұшты
ІІІ топ Жүрді, кесті, тоқыды сөздерінен күрделі сөз жазып, сөйлем құрап жазады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
Кк -------------------------------------------
Көктем --------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).