Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету

Скачать

8 сынып
Оқшау сөздер
(Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жұмыс жоспары)
Сабақтың
Тақырыбы: Оқшау сөздер
Сілтеме: Қазақ тілі
Жалпы мақсаты а) Білімділік. Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;
ә) Дамытушылық. Теориялық білімді практика жүзінде баяндауға дағдыландыру
б) Тәрбиелік. Жаттығу жұмыстары барысында адамгершілікке, еңбекқорлыққа, үлкенді - кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеттер: 1. Мазмұнға байланысты міндет: Оқушылар өз беттерінше оқиды, мазмұндайды.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін тыңдайды.
3. Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір - бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір - біріне сыйластық сезімдері артады.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: 1. Осы сабақтан кейін балалар бұрынғы білгендері мен жаңа білімді байланыстыра алып, соның нәтижесінде өмірге қажетін алады.
2. Топтық жұмыстың маңыздылығын қажеттілігін түсінеді.
3. Әр оқушы өзінің топта қажеттілігін түсінеді.
4. Сыныпта қарым - қатынас орнайды

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу(психологиялық дайындық)
- Сыныпты топтарға бөлгізіп отырғызу. Топ басшыларын тағайындау
- Бағалау парақшаларын тарату
2. Үй тапсырмасы
Сұрақты қағып ал тәсілі
1. Айқындауыш мүше дегеніміз не?
2. Айқындауыш мүшенің не түрі бар?
3. Айқындауыш мүшені анықтауыштан қалай айыруға болады?
4. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не?
5. Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
6. Сөйлем ішінде айқындауыш қандай қызмет атқарады?
7. Бірыңғай мүше дегеніміз не?
8. Жалпылауыш сөздер дегеніміз не?
9. Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшенің алдынан келсе, қандай тыныс белгісі қойылады.
10. Егер жалпылауыш мүше бірыңғай мүшеден кейін келсе,
жалпылауыштан соң қандай тыныс белгісі қойылады?

Сабақтың маңыздылығы неде?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
1. Оқушы ойын еркін айтады.
2. Қиын жағдайда қандайда бір дұрыс шешімді адамның өзі қабылдау керек екенін түсінеді

Сын тұрғысынан ойлану үшін мүмкіндіктер
- Еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
І Қызығушылығын ояту.
Ой шақыру
Оқшау деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
бөлек, дара, жалғыз, саяқ, оңаша, бөтен, басқа, бөлініп тұрған, дербес.

Мағынаны ажырату (жаңа ақпарат)
- оқушыларды белсене қатыстыру
- стратегияларды
Жүйелі қолдану

ІІ Мағынаны тану
1. Сабақтың тақырыбы айтылып, мақсаты ашылады.
2. Жаңа сабақты балалар өздері оқып, түсіндіреді.
Постерлерін қорғайды
3. Жаттығу жұмыстары
Тақтамен жұмыс
Сөйлем мүшелеріне талдау
67 – жаттығу 2 топтан 2бала шығады.
Сергіту сәті (Сахналық қойылым)
І топ
– Құдай - ау, бұл не масқара, күнделігің толған екі ғой?!
- Апа, енді жақсы оқуға уәде беремін.
- Балам, апаңды ренжіте бермей, сабағыңды түзесеңші!
ІІ топ - Жолдастар, тыныштықты, сақтайық!
Кімнің қандай пікірі бар? Біздің ойымызша, жолдас.... сіздің Тәуелсіздіктің нұрлы таңы атты кешке ата - аналарды шақыру жөніндегі ұсынысыңыз дұрыс деп шештік. Енді, осы ұсынысты қолға аламыз.

3 - жұмыс Сабақты қорыту. Диалог.

Ш Башиков атындағы негізгі мектеп КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Басарова Сабижамал Рамазановна

Оқшау сөздер. жүктеу


Скачать


zharar.kz