Сұрақтар қорабы

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі: Бахтыбаева Кенжегул Жарасовна

Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Сыйға - сый
Мақсаты: Оқушыларды адам еңбегін құрметтеуді, сыйлауды үйрету;
Топта бір - бірін сыйлауға, пікірлерін тыңдай білуге дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже: Жағдаятты суреттер арқылы оқушылар адам еңбегін бағалауды үйреніп, сыйлай біледі;
Топта өз ойларын ашық айта алады;
Шапшаңдыққа үйренеді
Түйінді идеялар (кілті сөздер) Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершiлiк қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

Сабақ барысы
1. Ынтымақтастықты қалыптастыру
Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа арттыру мақсатында
Дәстүрлі емес амандасу дене мүшелерімен амандасу тренингін өткізу.
Бүгін күнделікті амандасу дәстүрінен басқаша амандасайық. Күнделікті өмірде қолымызды беріп амандасатын болсақ, бүгін дене мүшелерімізбен амандасайық. Мысалы, құшақтасып амандасу, маңдай түйістіру, тіземен, аяқпен, арқа түйістіріп т. с. с. амандасу
Көңіл - күй экранына өз көңіл - күйлерін білдіретін смайликтер жапсыру

2. Үй тапсырмасы.
Сұрақтар қорабы . Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар жазады. Сол сұрақтарын қорапшаға салады. Қорапшадағы сұрақтар араластырылып, оқушыларға таратылады. Оқушылар бір - бір сұрақтан алып, сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жауап берген деңгейіне байланысты жұлдызшалар беріледі.

3. Мозайка топтастыру әдісі
Оқушыларға мозайкалар таратылады. Сол мозайкалардан оқушылар жапырақ , ағаш , алма суреттерін құрастырып өтеді. Сол құрастырылған суреттер бойынша топқа бөлінеді.


Скачать


zharar.kz