Жақсылық ұғымдары туралы түсінік беру

Скачать

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Жақсылыққа жақсылық
Мақсаты: Жақсылық ұғымдары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Үлкендермен достармен сыйластық қарым - қатынас мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, видео - ролик.

Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі Қарлығаш тобының Жақсылыққа жақсылық атты ашық оқу іс - әрекетіне қош келдіңіздер! Балалар залға әуенмен кіреді.

Шаттық шеңбер
Балалар сәлеметсіздер ме? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Достарым көп бақшада
Көңілдіміз бақшада
Достықты біз сүйеміз
Бірге күліп жүреміз.

Ізденушілік - ұйымдастырушылық
Әңгімелеу.
Балалар өткен оқу қызметінде қандай аялдаманы өтілді
- Достар қандай болу керек.
Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, құстарға жақсылық жасау керек. Біреуге жақсылық жасап, әрқашан қол ұшын беріп көмектессең өзіңе мол бақыт, қуаныш болып оралады.

Балалар бізде тапсырмалар бар, бәріміз бірге орындайық.
Слайд арқылы ұяшықтар таңдап тапсырмалар беріледі.

1 - тапсырма
Жақсылыққа жақсылық деген сөзді қалай түсінесіздер

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасы
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі: Дощимова Ж.
Жақсылыққа жақсылық жүктеу


Скачать


zharar.kz