Аналық тақшалардың бір ерекшелігі – BIOS. Ол компьютердің құрылғылары мен бағдарламалардың тексеруін қамтамассыз етеді, темір мен операциялық жүйенің арасындағы делдал. Жүйелік тақшаны жинағанда және компьютерді қосқанда BIOS жұмысын бастайды.тақшаны және компьютердің басты блоктарын, видео адаптер, клавиатура, дискконтроллер мен енгізу/шығару порттарын тестілейді, және чипсеттің тақшаларын құрып, операциялық жүйені енгізеді. Бұрын BIOS біррет бағдарланылатын ПЗУ-ға немесе ультракүлгін түсті ПЗУ-ға енгізілетін. Қазір оларды қайта бағдарланатын ПЗУ-ға қосып шығарады (Flash ROM).
Әдеттегідей, қазіргі заманғы жүйелік тақшаларға BIOS-ты Award Software, AMI, Phoenix Texnology фирмалары шығарады. Кейбір жад шығарушы фирмалар BIOS-ты да жасап шығара алады, олар IBM, Intel, Acer . BIOS-тың кез-келген түрі белгілі бір жадқа байланысты болады.
Қазіргі уақытта аса көп сұраныста жүрген Award BIOS, ол көптеген аналық тақшаларда қолданылады.