Абылай хан - жыр толғауларда

Скачать

Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сыныптан тыс сабағымыз есімі тәуелсіздіктің символына, жауынгерлік ұранға айналған, бүкіл өмірін, қажыр - қайратын, ақыл - айласын қазақ халқының дербестігіне паш еткен Абылай Уәлиұлының 300 жылдық мерейтойына арналады.
Мақсаты: Абылай ханның өмір жолымен танысу, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екенін білу.
Сабақтың эпиграфы: Туған елді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз.

Сабағымыздың жоспары:
1. Бұл – менің тарихым. тарихшылар
2. Абылай хан - жыр толғауларда. әдебиетшілер
3. Абылайдың өмірі мен ерлігі. зерттеушілер

Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: мен сендерді үш топқа бөліп, Абылай хан туралы ғаламтордан мәлімет жинап, ізденуге, ойларыңды жүйелі айтуға тапсырма бердім. Сабақтың басында ұранымызды айтайық.

Әрбір адам – досым, сыныптасым
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық
Көшпенділер киносынан үзінді көрсету 5 мин
Бұл кино не туралы, кім көрді?
Интерактивті тақтада Абылай деген сөзге оқушылар кластер құрап, жазады.
• Қазақ тарихында өшпес із қалдырған Абылай ханның Қазақ хандығын басқару шеберлігі туралы тарихшылар айтып береді.

Тарихшылар
Мария: Абылай - XVIII ғасырда өмір сүрген, елін сүйген қолбасшы.
Влад: Абылай тарихи тұлға болғандықтан, тарихи құбылыс.
Жанарыс: Ол XVIII ғасырдың 30 жылдары ішінде Қазақ хандығын басқарған мемлекет қайраткері.
Илья: Халықаралық саясатта дипломат.
Мария: 1752 ж ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 - 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді.
Олжас: 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгермен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерлерін азат етті.
Влад: 1754ж. Сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген.
Илья: 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді.
Жанарыс: 1757ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.
1753 - 1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей, Жәнібек, Өтеген батырлар қысы - жазы үзбестен қатысады.

18ғ бірінші он жылдығы қазақ елінің еңсесін басқан, тауқыметі мол кезеңі еді. Жоңғарлар, Еділ бойы қалмақтары мен башқұрттар жан - жақтан аш бөріше талады. Малын, дүние - мүлкін тонап, ерін құлдыққа әйелін күңдікке айдап әкетті. Бір жағынан қалжырап, қажыған елді қақаған қыс қаһарлы жұт аждаһадай аштық та ентелеп, шетінен жалмай түсті.

Мұғалім: Елге қырғидай тиген жұттан соң 1730 жылы Жоңғар қонтайшысы Қалден - Серен сансыз әскермен қазақ даласына басып кірді. Мақсаты - қазақ пен қырғыздың байлығын иемденіп, жерін жаулап алу.

Влад: Дәл осы заманда Абылай сұлтанның аты шыға бастады.......
Олжас Қазақтар Абылайды.........
Мария: Қалай десе де.........
Жанарыс. Қазақтарға тажалдай көрінетін......
Илья: Абылай балаларына берген..........
Влад: Үйсін жұртының тілеуі бойынша Абылай 1774 жылы баласы әділді елге басшы етіп қойды. Өзі Түркістанда қалып, сол жерде 1781 ж дүние салды.
Мария: Қазақта шексіз билікті бір уысына ұстаған Абылай секілді хан болмаған.
Қазақтардың аңызы бойынша, Абылай заманы - қазақ батырларының заманы дейді.

Әдебиетшілер:
Мұғалім сөзі: Абылайды Мағжан Алаштың арыстаны ер Абылай десе, Бұқар жырау Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың деп жырлаған екен.
Аманжол: Жыраулар: Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара
Ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, Ілияс Есенберлиннің, Әбіш Кекілбаевтың, Жұмаділовтың туындыларында сомдалды.
С. Сейфуллин Көкшетау поэмасы
Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасында аса реалистікпен бейнеленді.
Біздің топ Бұқар жырау, Тәтіқара, Үмбетей толғауларынан үзінді оқиды.
Әмірхан: Бұқар жыраудың жырын оқиды, Үмбетей, Тәтіқара жырлары оқылады

Мұғалім сөзі: Қытайда үлкен Абылайхан - тарихи жыр жазылған. Қытайдың Шыңжан аймағында кең таралған екен.
Бір бала үсті басы далба - дұлба
Күрсініп дем алады анда - санда
Көзі өткір, тікірейген сұрғылт сары
Ерекше ғып жаратқан бір Алла да деп Абылайдың бүкіл өмірі туралы жыр жазған авторы белгісіз.
Біз Абылай хан туралы қаншама толғау, жыр, өлең, дастан жазған ақындарды білеміз. Солардың ең озығы Бұқар жырау толғаулары. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл - кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының жырлары тарихи шындық.

Лена Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасынан үзінді оқиды.
Мұғалім сөзі: Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен Ресей, Жоңғар, Қытай ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты талап етеді. Бір сөзбен айтқанда ақылды дипломат болу керек.

Софы Сматаевтың Елім - ай , Ұзақбай Доспанбетовтың Абылайдың ақ туы шығармалары да әдебиеттің алтын қоры. Қазақ елінің елдігі үшін жанқиярлық ерлік көрсетіп, бар өмірін сарп еткен дана ханымыз туралы әдебиетте әлі талай шығарма туады.

Зерттеушілер тобы:
Мұғалім сөзі: Абылайханның ұлағатты өмірі мен ішкі сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының назарын аударып келеді. Ол туралы бізге Зерттеушілер айтып берсін.
Мадина: Абылай хан туралы құжаттар тек бір - ақ мұрағатта екен. Ресейде Сыртқы істер министрлігінің сыртқы істер саясаты мұрағатында 399 іс жатыр. 1739 - 1774аралығындағы хаттар. Шоқан Уәлихановтың Абылай атты зерттеуі. Ж. Жақсығалиев Абылай хан диссертациясы. С. Ақтаев Дарабоз Дана , Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абылай хан т. б.

Ал енді бүгінгі сабағымызды нақты деректермен осы зерттеушілер таныстырады. Интерактивті тақтада
Абылайдың өмір сүрген жылдары
Абылайдың шежіресі
Абылайдың ішкі саясаттағы өзгерістері
Сыртқы саясат
Абылайдың күйлері
Абылай туралы ұлы адамдар сөзінен Н. Назарбаев, М. Әуезов

Елімізде Абылай туралы опера да, драмалық шығарма да туған.
Сұрақтармен қорытындылау:
• Абылай хан тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс? (Хан билігі шексіз болды)
• Абылай хан өмір сүрген жылдар? 1711 - 1781
• Абылайдың атасы Қанішер Абылай билік құрған қала? (Түркістан)
• Абылай хан жерленген қала? (Түркістан)
• Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам?
• Бұқар жырау
• Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты? (Сабалақ)
• Үш жыл Абылай сұлтан қай елдің тұтқыны болды? (Жоңғар елінің 1741 - 1743ж)
• Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы?
(Егіншілік)
Абылай хан хандыққа 25 жасында келіп, 48 жыл абыроймен басқарады.

Сабақ соңында видеоүзік Абылай хан көрсетіледі.


Скачать


zharar.kz