Кумулятивтік әңгіме

Скачать

Өрлеу БАҰО, ІІ деңгей
Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы: Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?
Мақсаты:
1. Коучинг барысында пікірлесе отырып, диалогтік оқыту туралы түсініктерін кеңейтеді
2. Диалог түрлерін өз практикаларында қолдана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырудың маңыздылығын бағалайды.
Оқу нәтижесі:
Сабақта диалогтік оқыту әдістерін ұтымды пайдалану туралы бағыт - бағдар алады.
Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диолог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс - тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттырады.
оқушы диалог құру нәтижесінде білім алатыныа көз жеткізеді.
Материалдар мен құрал - жабдықтар: Стикер, маркер, плакат, сабақ тақырыбы бойынша әзірленген слайдтар, бағдаршам, үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастыру
Сурет қиындысын біріктіру, топқа бөліну
1. Білу
Ой қозғау . Кумулятивтік әңгіме. Тапсырма. 1 - топқа: ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?
2 - топқа: ХХІ ғасыр ата - анасы қандай болу керек?
3 - топқа: ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?
2. Түсіну
Тапсырма. Әңгіме - дебат. 1 - топқа: “Ағылшын тілін балаға ертеден үйреткен дұрыс”.
2 - топқа: “ Ағылшын тілін 1сыныптан оқытқан дұрыс емес”.
3 - топқа: 2 топтың жауаптарын сараптау.
Эдвард де Боно “Ойлаудың алты қалпағы”

М. Мәметова атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қалиева Назипа Қанибайқызы
Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба? жүктеу


Скачать


zharar.kz