Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген, Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Жалғыз қайың
Жалғыз қайың, сені көрсем, жабығам,
Қайдағы бір өткенімді сағынам.
Жалғыз тамшы жас жанардан төгілген,
Жалғыз жапырақ ерте үзілген бағынан.

Жалғыз қайың, мен де сендей жалқы едім,
Бір әулеттің кенжесі едім, арты едім.
Қорқа - қорқа, ұзатты анам сапарға,
Жалғызымды періштелер қақ менің -

Дейтін еді – ақ тілегі оның бұл,
Оған куә мынау аспан көгілдір.
Жалғыз қайың, көрген сайын өзіңді,
Көңілім босап кетуші еді менің бір.

Қайдан келдің, бұл өлкеде бөтенсің,
Жалғыздықтың жырын айтып өтерсің!
Жалғызынан айрылған бір ананың
Жалғызына ескерткіші ме екенсің.

Бүгін біздер көңіліміз бай халық,
Ормандай боп, өсіп кеттік жайқалып.
Бар дүниеден оңаша бір қалғанда,
Көз алдымда сен тұрасың шайқалып.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz