Аустралияның климаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы Аустралияның климаты. Өзендері мен көлдері.
Мақсаты: Аустралияның климаты, өзен, көлдермен танысу, олардың ерекшеліктерін ажырату.
Күтілетін нәтижелер
А) Аустралияның климатын анықтайды, біледі.
В) Аустралияның климаттық белдеулерін ажыратады.
С) Өзен, көлдері ерекшеліктерін салыстырады, қорытынды жасайды.
Керекті жабдықтар
Электрондық оқулық, оқулық, әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі, кескін карта, физикалық карта.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер СТО:
ДЖИГСО, жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар, “Кемпірқосақ”, Кластер , Ой қозғау .
АКТ:
картамен жұмыс.
Жаңа тәсілдер:
Диалогтық оқыту, визуалды оқыту, топтық әңгіме
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
2 мин

12 мин
1. Амандасу.
2. Топтарға бөлу: сурет кескіндерін таратып беремін, суретті жинап шығарады, онда пайдалы қазбалар бейнелеген. Сол арқылы топ болып отырғызамын.
3. Үй тапсырмасын сұрау:
Әр топтан үй тапсырмасы бойынша Аустралия материгінің географиялық орнын, зерттелуін, пайдалы қазбаларын айтып беруін сұраймын.
Топтағы оқушыға жоғары және төмен дәрежелі сұрақ қоямын, Мысалы:
1. Аустралияның географиялық орнын сипатта.
2. Аустралияның кеш зерттелуінің себебі неде?
3. Материкті кімдер зерттеді?
4. Материктің жер бедері Африкаға ұқсай ма?
5. Ағылшындар неліктен Аустралияға жаппай қоныс аударған?
6. Қандай пайдалы қазбалар бар?
Жауап берген оқушыларға ойланып көрші , жарайсың , бәрі келді , - деп бағалаймын. 1. Сабаққа әзірлеу.
2. Сурет бойынша топ құрады.
3. Топ ережесін еске түсіреді
4. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша Аустралия материгінің географиялық орнын, зерттелуін, пайдалы қазбаларын сипаттайды.
5. Жоғары және төмен дәрежелі сұраққа жауап береді:
Мысалы:
1. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады.
2. Аустралия басқа материктерден оқшау және Еуропадан қашық орналасқандықтан кейінірек ашылған.
3. Абель Тасман, Джейс Кук
Стерт Чарльз, Эдуард Джон Эйр
4. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр.
5. Аустралияның жеке материк екенін дәлелдегеннен кейін ағылшындар қоныс аудара бастады.
6. Алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай.
Оқушы жауап бергенде ойланады, қосымша дерек көздерінен айтады. Олар сол үшін ынталандыру бағасын алады.
Тұсаукесер

2 мин
Интерактивті тақтада слайдтан көрсетіп, бүгінгі сабақтың тақырыбын айтамын. Аустралияның климаты. Өзендері мен көлдері Картаны пайдаланады.
Негізгі бөлім
15 мин
6 мин
Жаңа тақырыппен жұмыс:
Топтарға тапсырмалар беремін:
1 - топқа Аустралияның климаты,
2 - топқа климаттық белдеулер,
3 - топқа өзендері,
4 - топқа көлдері
бойынша топта талқылату сосын түстер беріп түс бойынша қайта жаңа топтар бастапқы
топ қатысушыларынан
тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.
Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызу.
Бекіту: сұраққа - жауап беру.
1. Аустралия материгінің жаз айларындағы орташа температура
2. Қыс айларындағы орташа температура
3. Материкке қандай ауа массалары әсер етеді?
4. Аустралияның климаттық белдеулерін ата.
5. Өзендері неше алапқа бөлінеді?
6. Криктер деген не?
7. Өзендерін ата?
8. Көлдері
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Берілген тақырып бөлігін топта талқылайды, түс бойынша басқа топқа барып жинақталып ақпарат алмасады, керекті мәліметтерді дәптеріне жазып алып отырады, қайта бұрынғы топтарына келгенде алып келген ақпарат бойынша ортада талқылайды.
Жаңа материалды дәптерлеріне түсіреді. Басқа топтарда алған мағлұматын өз топтарына келгенде бір - біріне ой бөліседі, талдайды.

Бекіту сұрақтарына жауап береді.
1. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52, 8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген.
2. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС - тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының - 20ºС - қа дейін төмендеуі байқалған.
3. Экваторлық, ылғалдық, тропиктік
4. Субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік, қоңыржай
5. Ішкі тұйық, Тынық, Үнді мұхиты алабы
6. Уақытша кеуіп қалатын өзен арналары – криктер
7. Муррей, Дарлинг, Куперс - Крик
8. Эйр
Қорытын - ды
6мин

2 мин Өз - өзін бағалауға тест тапсырмасын беремін және дұрыс жауабын көрсетіп бағалатамын.
Оқушыны бағалаймын, түсініктеме беремін.
Үйге тапсырма:§53 оқып келу, кескін картамен жұмыс. Аустралияның өзендері тақырыбы бойынша материал алып келу. 1. Алған білімдерін пайдаланады, сараптайды, сыни ойлайды.
2. Тест жұмысын орындап өз - өзі бағалайды.
Бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабағымды топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлгенде Аустралияның пайдалы қазбалары титан, алтын, мұнай, таскөмірдің шартты белгілері суретін қиып, қиығын таратып сол бойынша тез құрастыруын және топ бола шығуы бойынша отырғыздым. Сабақтың мақсаты: Аустралияның климаты, өзен, көлдермен танысу, олардың ерекшеліктерін ажырату. Күтілетін нәтиже:
А) Аустралияның климатын анықтайды, біледі.
В) Аустралияның климаттық белдеулерін ажыратады.
С) Өзен, көлдері ерекшеліктерін салыстырады, қорытынды жасайды. Үй тапсырмасын диалогтық әдіс арқылы сұрақ - жауап бойынша сұрадым. Сабаққа үй тапсырмасы бойынша Австралияның зерттелуіне дарынды оқушым Ә. қосымша мәлімет әкелген, таныстырып өтті. Жауап берген оқушыны жарайсың , бәрі келді т. б. бағаладым. Тұсаукесерде интерактивті тақтадан жаңа сабақ тақырыбымен таныстырдым. Негізгі бөлімінде топтарға ДЖИГСО әдісі арқылы тапсырмалар бердім.

Топта оқушылар белсене алған тақырыпшаларын талдап, дәптерлеріне жазып алып отырды. Қиналған оқушылар Ш, М - ға түрткі ой тастап кеттім. Топтағы оқушыларға алдарына әр түрлі түстегі қағаз үлестірдім. Топта талдау уақыты бітті, енді алдарына тастаған түс бойынша кемпірқосақ әдісімен жаңа топ болып жиналуын сұрадым. Түстер бойынша жаңа топ болып жинақталғанда да бір - біріне өз тақырыпшаларын талдауы да белсенді болды. Топтарды бақылағанда жаңа жиналған топ тақырып бойынша бір - біріне түсіндіріп және дәптерлеріне жазуларын сұрады. Өз топтарына келгенде қандай тақырыпты талдап келгенін бір - біріне баяндап беріп жатты. Жаңа сабақ бойынша топтардан жеке сұрағанда жақсы жауап берді, дегенмен де қиналған оқушылар болды және оларға бір - бірін тыңдағанда зейін қою керектігін ескерттім. Интерактивті тақтада климаттық белдеулерді, өзен, көлдерді талантты оқушыларым М, Ш, Р картадан көрсетті. Сонда оқушылар көрсетуге таласты. Сабақты өзім қорытындылап кеттім. Карта бойынша көрсеттім. Бекітуде сұрақ - жауап бойынша сұрадым, тест жұмысын орындады, жұбына тексерту арқылы дұрысы мен қатесін анықтады, топты бағалады. Смайлик бойынша кері байланыс жасады.
Үй тапсырмасы берілді. Онда қосымша материал алып келуін немесе презентациялауға (таныстырылым) болатынын ескерттім. Сабақ мақсатына жетті.

Сабақ бойынша өзгертулер
Уақытты ұтымды пайдалану және дарынды мен талантты оқушыға тапсырмалар беру деп шештім.


Скачать


zharar.kz