Сабақтың тақырыбы: Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі: оқушыларға әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру туралы түсінік беру..
Сабақтың тәрбиелігі: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғыларын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың тәрбиелігі: Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың есте сақтау және сөйлеу шеберліктерін дамыту7
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі бөлімшеге бөлу.
2. Взвод командирінің баянаты.
3. Сәлемдесу.
4. Қ. Р. мемлекеттік гимні.
5. Оқушыларды түгендеу.
6. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ: Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру.
Әскери қалашық – дегеніміз не? Әскери қалашық деп бір жер учаскесіндегі әскери бөлімдер, сондай – ақ ҚРҚК - нің әскери қызметшілері мен жұмысшылары белгілі бір мақсатта орналастырылған үйлер мен ғимараттардың кешені айтамыз.
Әрбір ротаны орналастыру үшін:
- Ақпарат – тәрбие жұмыс бөлмесі;
- Жататын үй - жайы;
- Қару сақтауға арналған бөлме;
- Спорт дәрістеріне арналған бөлме;
- Тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі;
- Ротаның мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған қойма;
- Киім-кешектер мен аяқкиімді кептіруге арналған орын;
- Жуынуға арналған бөлме және т: б:
Үй – жайлардың күтімі:
Барлық ғимараттар мен үй – жайлар, сондай – ақ әскери бөлімнің аумағы әрқашан таза және бекітілген тәртіпте күтілуі тиіс.
Дәріс уақытында үй – жайлардағы тазалықты сақтау тәуліктік кезекшілерге жүктеледі.
Қалашықтың аумағы және оған іргелес көшелер көгалдандырылуы және таза, реттілікте ұсталынуы, ал қараңғы кезде жарықтандырылуы тиіс. Әскери аумақтың айналасы қоршалады.
Үй – жайларды жылыту: Жылыту кезеңнің басталуы мен аяқталуы әскери бөлім командирінің немесе гарнизон бастығының бұйрығымен орындалады. Қыста тұрғын үй – жайларда ауа температурасы +18С - тан, ал медициналық мекемелерде +20С - тан төмен болмауы керек.