Музыка теориясы ПБ.
Пән: Сольфеджио.
Бөлімі, курс, тобы: Халық аспаптар бөлімінің 4к. Б тобы
Сабақтың тақырыбы: Мажордан D - ға ауытқу. DD каденцияда. Хроматикалық секвенциялар.
Сабақ жоспары:
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ауытқуды құрып, әндетіп және естіп білу.
Дамытушылығы: Есту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Пәнаралық байланыс.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, топтастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: аралас
Пәнаралық байланыс: музыка теориясы, гармония
Көрнекілік құралдар: тақта, оқулықтар, аспап, көрнекті құралдар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Вокалды - интонациялық жаттығулар:
a) D dur гаммасын 3 түрін әндету(табиғи, үйлесімді, әуендік )
b) опевание - топпен және жеке оқушылармен
c) попевкалар - бөлек әр сатыдан
d) әндеткен гаммалардың түрлерін, сатыларды тыңдап анықтау
II. Үй жұмысын тыңдау
1. Алексеев 4 - дауысты № 186, 188 – 2 топ 4 - дауыста орындау. ауытқуларды анықтау
2. Ладухин №71 аккомпанементпен қостап әндету. ауытқуларды анықтау
III. Өткен тақырыпты қайталау
1. Сұрақтарға жауап беру -
• ауытқу дегеніміз не еді?
• Ауытқу қандай аккордтармен жасалады?
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру