Әліппе - ғылым анасы

Скачать

Әліппе - ғылым анасы.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту; ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Кеше ғана жаңа мектептің табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы Әліппені аяқтап отыр. Мұғаліммен бірге, оқушымен қоса оқыған ата - аналар еңбегінің жемісін көрейік.
Қымбатты шәкірттерім, білім жолына бастаған қадамдарың құтты болсын!
1 - оқушы:
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштаспақ
Өсті білім бойымыз.

Хормен: Құтты болсын тойымыз!

2 - оқушы:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық,
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық.

3 - оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

4 - оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы

5 - оқушы: Мен енді өзім - ақ оқып, жаза аламын.
6 - оқушы: Мен кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім.
7 - оқушы: Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықылас пен тоқылық!

Мұғалім: Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші.
Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол ашқан,
Ол – сүйікті Әліппе.
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге қымбатты дос Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
(ортаға Әліппе шығады)


Скачать


zharar.kz