Ғажайып қалтаның ішінен машина ойыншықты шығару

Скачать

Тақырыбы: Ғажайып қалта
Кіші сала: Тіл дамыту
Мақсаты: Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету (мысалы: ақырын сөйлеу). Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үлестірмелі материалдар, әр - түрлі заттар суреттері.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, ойындар.
Сөздік жұмыс: доп, қуыршақ, пойыз.
Үш тілділік: Доп - мяч, ball. Қуыршақ - кукла, doll. Пойыз - поезд, train.

Талаптандыру, дәлелдеу.
Шаттық шеңберінде тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң, апай.

Ұйымдастыру ізденіс. Тәрбиеші ғажайып қалтаның ішінен жұмсақ допты шығарып: - Мынау не? Өзі домалақ, секіреді, тепсең қашады, ойынымызды қандырады.
Допты сипаттауға тапсырма береді.
- Ол неге ұқсайды?

Қуыршақ
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
1, 2, 3, 4, 5
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз - қаз,
Қыдырайық аз - маз
Бұл не?
Қуыршақты сандықтан шығарып көрсету. Қуыршақты сипаттау, қайталау.(Көйлегін, түсін, шашын, әдемілігін айтады) Ғажайып қалтаның ішінен машина ойыншықты шығару.
- Мынау не?
- Кәне, машинаның түсі қандай?
- Ойыншық машина неден жасалған екен?
(Ұстап көру, сезу).
- Ол неге ұқсайды?.

Сергіту сәті:
Бөп - бөп, пыш - пу...
Теміржолшы
Мен ең күшті.
Абай болшы,
Менен күшті.
Жол ашып қой,
Кім бар? Пыш - ту!
Жер қашық қой!
Бөп - бөп - бөп! Бө - ге - ме!

Қорытынды.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ғажайып қалтадағы заттардың аттарын, түр түсін сұрау.
Сұрақ - жауап арқылы балалардың оқу іс - әрекетін қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды:
- диалог құрып, сөйлеуге арналған тапсырманы;
Түсінеді:
- ойыншықтар қандай заттан жасалғанын біледі;
Қолданады:
- дидактикалық ойынның шартын түсініп, ойнай білу іскерліктерін.
Ғажайып қалта жүктеу


Скачать


zharar.kz