Мектеп өзгерісі үшін мен қандай әдістер мен тәсілдерді қолданамын?
Қазіргі таңда оқу процесін жаңашаландыруды білім беру саласындағы реформалармен, білім мазмұнынын жаңарту, басқару жүйесінің жаңа әдістерін қарастыру, оқу - тәрбие үдерісін жетілдіру, білім сапасымен қамтамасыз ету секілді нақты проблемалар төңірегінде білім жетілдіру курстары мен ғылыми - әдістемелік шаралар ұйымдастыру арқылы қол жеткізіп келеді. Сондықтан мен өз мектебімнің мұғалімдерінің сапалық қасиеттерін жаңаша бағытта қалыптастыруға көп көңіл бөле келе өзімнің оқыған І деңгей бағдарламасы бойынша үйренгендерімді үйрете отырып өзім де үйренемін.
Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады.
Мен практик мұғалім ретінде өз мектебімдегі кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын? Келешекте іс - тәжірибемді қалай жақсартамын? Мектеп тәжірибесін өзгерту үшін мен қандай әдіс - тәсілдерді қолданамын деген сауалдарға жауап іздей бастадым.
Мұғалімнің іс - әрекетіне қарай оқушының танымы мен білім дәрежесін байқауға болады. Л. Выготский:“Оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады және бұл оқыту ЖАДА аясында қарастырылатын болса, оқыту табысты болып, өз нәтижесін көрсетеді” деген сөзіне толықтай қосыла келе мен әлеуметтік - сындарлылық тұрғыдан оқытуды басты назарға аламын деп отырмын (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) Бұл Бағдарламада талқылау, пікірталас, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру сияқты диалог жүргізудің түрлі әдістерін қолдана отырып түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу қарастырылады.