Сабақ тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
1 - сынып
Оқу мақсаты: қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 - дің қасиетін қолданады;
бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады.
Ресурстар: барлық оқушыға арналған фишка салынған “сиқырлы дорба”;
сандық сәуле салынған парақша;
сандық өрнектер жазуға арналған жол;
сандар мен тірек сөздер жазылған парақша;
“Ауызша есептеу” презентациясы.
Тірек сөздер: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мысалдарды тиімді әдіспен есептеуге болатыны туралы ұғымын қалыптастыру, қосудың ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру, тиімді әдіспен есептеуде ауыстырымдылық қасиетін қолдануға дағдыландыру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырса, қосынды өзгермейді. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті оқушыларға тиімді әдіспен есептеуді меңгертеді. Алдыңғы сабақтарда аталған заңдылықты таныстыру бойынша дайындық жұмысы жүргізілді. “Бізді қоршаған әлем” тақырыбына сәйкес қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіну үшін сабақ барысында заттарды қолданып, тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру керек.
Сабақты ауызша есептеу жүргізуден бастаңыз. Оны интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз. Ол үшін презентацияны қолданыңыз. Қосу мен азайтуды, сандық сәуле мен қосу кестесін қолдану арқылы мысалдарды шығаруды меңгергендері үшін оқушыларды мақтаңыз.
Кіріспе тапсырма. Жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Жұптағы әр оқушыға “сиқырлы дорбадан” бірнеше фишканы алып санауды және мысал құрастыруды тапсырыңыз. Бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Жұптағы оқушыларға фишкаларымен ауысып, дәл сондай жұмысты орындауды тапсырыңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Қандай қорытынды жасауға болатынын біліңіз.
Өз бетінше қосудың ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау үшін оқушылардың талдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырыңыз. Егер қиындық тудырса, онда өзіңіз: “Қосуда санның орнын ауыстырса, қосындының мәні өзгермейді” деп тұжырымдаңыз.
Қай кезде есептеу тиімді болды деп сұраңыз: “Үлкен санға кішіні қосқанда ма, әлде кіші санға үлкенді қосқанда ма?” Қосу амалын орындауда сандардың орындарын тиімді ауыстыру бойынша нақты мысалдар келтіріңіз. Мысалы:
1 + 9 және 9 + 1; 3 + 7 және 7 + 3.
Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін дұрыс қолдана білу тез және жеңіл есептеуге көмектесетінін айтыңыз. Сонымен қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану тиімді болатынына көздерін жеткізіңіз.
Қостанай облысы, Қамысты ауданы,
Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
Краснооктябрь орта мектебі ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Абеуова Гульжанат Казымбековна
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті. жүктеу