Шық - шық

Скачать

Мағжан Жұмабаев

Шық - шық! деп соғып тұр
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат!
Сорлы адам туғанда,
Сұм жалған көңілі шат.
Көз ашып тұрғанда,
Көрінер оған жат.
Шық - шық! - деп жүз шытар,
Есіктен кірместен.
Сорлы адам тез жытар,
Дән рақат көрместен.
Мінекей, бұйырып тұр
Бұл сағат деп: Шық - шық!
... мойның бұр,
Сен де шық, сөзін ұқ.


Скачать


zharar.kz