Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап

Скачать

Атырау қаласы,
№34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Айнұр

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ережелер, дидактикалық суреттер, сәйкестендіру
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.

Сабақтың жүрісі:
* Ұйымдастыру кезеңі
* Жаңа сабақ
- Психологиялық дайындық
- Білімдерін жинақтау мақсатында: Дид. ойын ойнату
- "Тез ойла, сөз ойла" ойыны:
Не? Қоздайды
... құлындайды
... лақтайды
... боталайды
... бұзаулайды

Кім? Емдейді
... оқытады
... ұшады
... тігеді
Заттың атын білдіретін сөзді - зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар
- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?
- Мұғалімдер
- Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
- Нені аңғардыңдар?
- Заттың қимылын, іс - әрекетін аңғардық.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!
Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
- Сәйкестендіру тестін орындаймыз: Адасқан сөздерді орнына қой.
Арыстан - боздайды
Түйе - ақырады
Жылқы - маңырайды
Қой - мөңірейді
Аю - бақырады
Сиыр - кісінейді

- Етістіктің ережесін жаттату
- Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.
- 412 - жаттығу.
- Суретпен жұмыс, мәтін құрастыру.
Топпен жұмыс:
- Көру диктанты
1 - топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)
2 - топ. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

- Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
- Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.
- 414 - жаттығу
- Шығармашылық диктант
1 - топ. Тоғайда түрлі аңдар...
Терең шатқалға қояндар...
2 - топ. Қызыл түлкілер тоғайда...
Тиіндер ағаштан - ағашқа...

- Өзіндік жұмыс
415 - жаттығу.
- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Қонды, жауды, жүзді, тасыды.
Мысалы: Қар қалың жауды.
- 416 - жаттығу
- Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
- Терме диктант
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.
- Сабақты қорытындылау:
- Дидактикалық ойын арқылы
- Етістік деген не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Мысал келтір
Үйге тапсырма 417 - жаттығу.
Бағалау, қорытындылау.


Скачать


zharar.kz