Аздырған бұл нашақорлық сананы, Жек көрсетіп жақын - жолдас, ағаны

Скачать

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы
Қармақшы аудандық білім бөлімінің №277 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушысы
Абдрахманова Айман Болатқызы

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа

Достарым, жамандыққа жоламаңдар!

Аздырған бұл нашақорлық сананы,
Жек көрсетіп жақын - жолдас, ағаны.
Өзің үшін, жоламағын, сыйласаң,
Жарық өмір сыйға берген ананы.

Ойында ағалардың - шылым қою,
Қиын - ақ бұл індеттің күшін жою.
Өкпеде не боп жатыр, беймәлім ғой,
Айқыш - ұйқыш шығар - ау небір ою.

Өсе келе қарадым айналама,
Достарым бөлінгендей тең екіге:
Біреуі білім алып, талаптанса,
Біреуі құрбан боп жүр темекіге.

Құмарлық - құрбандыққа апарар хақ,
Денсаулық - байлығыңа түсіріп дақ.
Біреулер көше кезіп бүлінуде,
Біреулер зор алғысқа бөленуде.

Айтшы, досым, не пайда таптың енді,
Есірткі, темекіге әуес болып.
Жассың ғой, спортпенен шұғылданып,
Кез емес пе жүретін допты қуып?

Өміріңді қысқартып бара жатсың,
Үңіліп ертеңіңе қарамадың.
Темекі мен араққа мас болам деп,
Анаңың жүрегін де жараладың.

Жыл өте, кім боласың, не көресің?
Ұрпаққа еріп келген не бересің?
Өзіңді елестетсең, көрмейсің ғой,
Ата қып, жетектеген немересін.

Өкінесің, сен әлі келешекте,
Уақытыңның өткені - ай, тектен - текке.
Ойлану – өкінуге апарады,
Бұл өмір берілмейді екі ретке!

Ойға алып, есірткіні жерігесің,
Осылайша сан ойға берілесің.
Мүмкін сен түсінбедің өмір мәнін
Мүмкін ерте ауысты сенің есің.

Ата - бабаң қалап па осы жайды?
Айтар сөз, берер ақыл таусылмайды.
Қазіргі ермегіңе есің кетпей
Ойға сал, таразыла, ертең жайлы!

Достарым, жамандыққа жоламаңдар!
Жетісіп жүр деймісің жолағандар?!
Келешек ұрпақтары азат елдің
Тек қана өрге қарай домалаңдар!


Скачать


zharar.kz