Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіру, сөйлемнің сөздерден құралатынын, сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын меңгерту.
2. Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы білімдерін тереңдету.
Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сөз байлықтарын молайту.
3. Жинақылыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, суреттер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де, сіз
Кішіге де, сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап әдісі.
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің неше түрі бар?
- Мәтін неше бөліктен тұрады?
III. Үй тапсырмасын пысықтау:
Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыру.
Тірек сөздерді пайдаланып, сипаттау мәтінін құрастыр.
Алма
түсі
дәмі
түрі
IV. Жаңа сабақ.
Ребус арқылы тақырыпты ашамын.
Балалар ребустан қандай сөз шықты? (Сөйлем)
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы сөйлем. Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беруі.
1. Сөз нелерден құралады? (дыбыстардан)
2. Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден) Сөйлем
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.
Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны білдіреді.
Сұраулы сөйлемнен соң? белгісі қойылады.
164 - жаттығу. Сөздерді салыстырып оқы. (ауызша)
Шекара, шекарашы, ел, қорғайды, күзет, олар, тұрады.
Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды.
Қайысы сөйлем? Неліктен?
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (.),
не сұрау белгісі (?),
не леп белгісі (!) қойылады.
165 - жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.
166 - жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Шанамен Ақан сырғанады.
Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
167 - жаттығу. (ауызша орындау)
Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.
Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?
Ойын. Адасқан сөйлемдер
1. Алақай, қар жауды! 2. Қыс мезгілі қандай керемет. 3. Қыста не жауады?
Жұмбақ жасыру:
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
V. Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақта не туралы өттік? (сөйлем)
2. Сөйлем дегеніміз не?
VI. Үйге тапсырма:
168 - жаттығу. Ребусты шешу.
VII. Бағалау.
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Сексеуіл кенті, №231 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Кумекбаева Венера Ысқаққызы
Толық нұсқасын жүктеу