Бауырдан жасалған құймақ (оладьи)
Бауыр 500 - 700 гр
Пияз – 1 - 2 бас
Күріш – 100 гр
Ұн – 1 - 2 ас қасық
Жұмыртқа – 1 - 2 бас
Тұз - қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша
Дайындау тәсілі: Бауырды еттартқыштан өткізіп алыңыз, пиязды да өткізіп алыңыз. Күрішті қайнатып, жартылай пісіріп алыңыз. Дайын болған өнімдердің бәрін араластырыңыз, дәміне қарай тұз, қара бұрыш салыңыз. Табаға 2 ас қасық май құйып, жарты ожаудан құйып шетінен пісіріп шығыңыз (майды шетінен 1 қасықтап құйып тұрған жөн, себебі өзіне майды қатты тартпас үшін). Дайын болған соң табаның түбіне аздаған су құйып, құймақтарды салып және 10 - 15 минут булаңыз. Асыңыз дәмді болсын!