Категориялы топтастыру

Скачать

Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?
Мақсаты:
 А) Аңыз әңгімені оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету;
 Ә) Ауызекі сөйлеуге, мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып, тілдерін дамытуға пайдалану;
 Б) Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлықты дамыту.

Түрі: Аралас сабақ.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау, эссе, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, тіл, биология.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
А) амандасу;
Ә) тексеру;
Б) назарларын сабаққа аудару.

Сабақ бөлімдері:
 І Қызығушылықты ояту
 ІІ Мағынаны тану
 ІІІ Толғаныс
Қызығушылықты ояту:
1. Ой шақыру.

 Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
 Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?
 Өткен тақырыбымыз не?
 Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?

2. Категориялы топтастыру.
1-топ. Жиренше – Ол кім? – Ол не істеді?
2-топ. Хан – Ол кім? – Ол не істеді?
3-топ. Қарашаш – Ол кім? – Ол не істеді?
(Әр топ осы сұрақтар төңірегінде өз білгендерін топтастырады.)

ІІ. Мағынаны тану:
 Жаңа сабақ тақырыбы:
 “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? аңыз әңгімесі.

 І топ. “Хан мен Жиреншені көз алдыңызға елестете отырып, суретін салу”
 ІІ топ. “Ішке және сыртқа”
(Әңгімедегі ұнамды, ұнамсыз жерлерін бөліп жазу.)
 ІІІ топ. Жиренше мен ханға мінездеме беру.

ІІІ. Толғаныс.
 4. “5 минуттық эссе”
 І топ: - Қаңбақтың адамша сөйлеуі
шындық па, әлде...

ІІ топ: - “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?

ІІІ топ. – Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?

4. Синквэйн
 І топ. “Хан
 ІІ топ. “Қарашаш”
 ІІІ топ. “Жиренше”

Үй тапсырмасы: Жиренше мен Қарашаш туралы тағы да басқа аңыз әңгімелер ізденіп оқу.
Бағалау.


Скачать


zharar.kz