Жеңіс командасынан жалынды сәлем

Скачать

Эстафеталық жарыс Шынықсаң шымыр боласын
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді Шынықсаң шымыр боласын атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық жарыста сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз: №1топ - Тұлпар командасы
№2топ - Жеңіс командасы
№3топ - Қыран командасы
Командалар сәлемдесуі.
Тұлпар командасынан жалынды сәлем.
Жеңіс командасынан жалынды сәлем!
Қыран командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
Жеңіске жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: Алақай деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады: 1 - этап Кім жылдам?
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 - этап: Жалауды тез жеткізу
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 - балаға жеткізу
3 - этап: Жүйрік ат
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: Шебер
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 - этап: Жаңа орын
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!


Скачать


zharar.kz