Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғұн тайпаларының бірігуі (1 - сабақ)
Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй Жер - мемлекеттің негізі деді?
Оқу мақсаттары: 5. 3. 1. 2. – Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
Сабақ мақсаты: Барлығы: ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жеткендігін анықтайды;
ғұндар үшін жер маңызды болғанын дәлелдейді;
Басым бөлігі: ғұн тайпаларының бірігу жолындағы деректерді талдап, негізгі белгілерін айқындайды;
Кейбірі: ғұн тайпаларының бірігу жолын өз пайымымен тұжырымдайды
Ойлау деңгейі: Білу, түсіну
Бағалау критерийі: Ғұн тайпалық бірлестігінің орналасқан аймағын анықтайды;
Ғұн тайпалық бірлестігінің құрылу алғышарттарын анықтайды
Тілдік мақсаттар: Негізгі ұғымдар: шаньюй, халық жиналысы
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ғұн мемлекеті қалай басқарылды?
Шаньюй шексіз билікке ие бола ала ма?
Жер - мемлекетіміздің негізі мен ырысы, оны қалай береміз? деген пікірді қалай түсінесіңдер?
Басталуы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
(Ж) 1 - қадам. Тілек айт әдісі
(Ұ) 2 - қадам. Топтастыру: 1 - топ: Мөде , 2 - топ: Аттила , 3 - топ: Жер
Үй тапсырмасын тексеру. Блиц - криг әдісі
Бағалау – Табыс сатысы
Ортасы
(Ж) Тапсырма 1 - Мені тап әдісі
Шарты: Кестеде берілген ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіреді.
ҚБ - бағалау критерийі
(Жт) Тапсырма 2 - Аңызды талда әдісі
Шарты: Оқушыларға мәтін беріледі. Жұппен талқылау арқылы сұрақтарға жауап береді.
ҚБ - Мен саған, сен маған өзара бағалау
(Т) Тапсырма 3 - Графикалық органайзер әдісі
Шарты: әр топқа карта таратылады. Ғұндардың бастапқы аумағы мен Мөде әскері жаулап алған аумақпен салыстырады.
ҚБ - Мадақтау сэндвичі әдісі
Ғұн тайпаларының бірігуі. жүктеу