Балалардың әрекеті

Скачать

Тақырыбы: Сиқырлы әріптер еліне саяхат

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу негіздері.
Мақсаты: Балаларды әріптермен таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасай білу, буын туралы түсініктерін кеңейту, ойлау қабілетін, қиялын дамыту. О дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, әріптер кассасы, дәптерлер, текшелер, қолайна.
Методикалық әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, қорытындылау.

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
- Балалар бүгінгі көңіл - күйлерің қалай?
- Ендеше бүгінгі бізге келген қонақтармен барлығымыз бірге амандасып алайық.

Балалардың іс - әрекеті
- Сәлеметсіз бе апай!
(Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін жасайды.)
Алақай келіңіз!
Дайын тұр төріміз.
Келіңіз. келіңіз,
Бізге риза болыңыз
Балалар келген қонақтармен амандасты.

Тәрбиеші: - Балалар, ойын ойнаймыз
Ойын: Дыбыстарды суретке түсір
Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталау.
- Балалар сендер өздеріңді суретшіміз деп есептеңдер. Мен бір дыбыс айтам сендер соны тез суретке түсіріп алып, оны маған көрсетесіңдер. Дауысты дыбыс болса қызыл текше, дауыссыз дыбыс болса көк текше.
Балалардың әрекеті: А, Ы, Қ, П, М, Ғ, Н, Т

Іздену – ұйымдастырушылық кезеңі
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар біз осы кезге дейін көптеген әріптермен таныстық, олай болса сол әріптерді тақпақтар арқылы еске түсірейік.
Ұлдана:
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Аружан:
Мақталарды мақтаймыз,
Мақтаны көп қаптаймыз.
Маса жайлы мақтаған
Мәлімет еш таппаймыз.
Амандық:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Айдын:
Ата - анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атауға зер салшы,
Басталған П әріппен.
Әділет:
Нан пісірем десем мен,
Нұржан неге нанбайсың?
Нанбасаң сұра Нұрбектен
Нағашым менің наубайшы.
Тәрбиеші:
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам:
Айтамыз, естиміз.
Естиміз, айтамыз.
Ол не? Дыбыс


Скачать


zharar.kz