Ара гүлге қонды

Скачать

І. Кіріспе бөлімі
Логопед: - Сәлемдесу. Балаларды оқу қызметіне дайындау.
- Мезгіл және ауа райы ерекшелігін сұрау.
- Жұмбақ жасыру:
Гүлге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не?
Балалар: Ара
Логопед: - Ара сөзінің ортасында қандай дыбыс орналасқан екен? – сұрақ қойып, жауап алу.
- Дыбыстық талдау жасату
Балалар: - дыбыстық талдау жасайды
Ғажайып сәт!
- Ара кіреді.
- Балалармен амандасады, өзінің тілегін және өтінішін айтып, сиқырлы кітап - Лэпбук тапсырмасын береді.
- Балалар таң қалып, қуанады.
- Ара балалардан гүлдерге қонып, гүлден нәр, шырын жинауға көмектесуін сұрайды. (Лэпбук тапсырмаларын орындау арқылы)

ІІ. Негізгі бөлім
Балалар: Р дыбысы атты лэпбугын ашып, танысады.
1 - тапсырма
Слайд - презентация
- Бүгінгі тақырыппен таныстыру
- [Рр] дыбысына сипаттама беру
- Артикуляциялық қалпы және әріптік таңбасымен таныстыру;

2 - тапсырма
Тілге арналған артикуляциялық жаттығуларды видео - материалдан көру арқылы айна алдында орындату;
Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлеу мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Жаттығулар: Бақа , Кесе , Әткеншек , Ат шауып келеді , Саңырауқұлақ , Баян тарту жаттығуы;
Балалар: - Көру арқылы, мұқият тыңдап, тілге арналған жаттығуларды қайталай отырып, айнаға қарап орындайды.

3 - тапсырма Тыныс алу жаттығуы
- Зымыранды ұшыр жаттығуы
Мақсаты: Дыбысты айту кезінде тыныстың қалпын сақтау және дұрыс тыныстауға машықтандыру
Шарты: Мұрын арқылы терең тыныс алып, зымыран суретін түтікше көмегімен үрлеп аспанға ұшыру керек.
Балалар: - Тыныс алу жаттығуын орындайды, зымыран суретіне бекітілген түтікшеден үрлейді.
Логопед: - балаларға Р дыбысының артикуляциясымен таныстыру

4 - тапсырма Р дыбысының әріптік таңбасымен және артикуляциялық қалпымен, айтылуымен таныстыру (сурет арқылы)
Логопед: - Жолбарыс ашуланғанда, аңдарды қорқыту үшін қандай дыбыс шығарады?
- Аудио дыбыс арқылы жолбарыстың дыбыстауы естіледі.
- Қане, бірге қайталап айтайық! - Р - Р - Р - Р - Р
Балалар: Аудио жазбаны мұқият тыңдап, қайталап бірге айтады. Жолбарыстың дауысын салады: - Р - Р - Р - Р - Р
- Р дыбысын қайталайды.

5 - тапсырма Буындарды қайталау (слайд арқылы)
Жаңғырық ойыны
Ра - ра - ра – ұшып жүр ара!
Ра - ра - ра – көмірдің түсі қара.
Ар - ар - ар – жауды аппақ қар.
Ре - ре - ре – кітап толы сөре.
Ер - ер - ер – тегіс екен жер!
Ры - ры - ры – күннің түсі сары!
Ыр - ыр - ыр – аспаннан жауды жаңбыр!
- Буындардың жалғасын суреттен көру арқылы айтады.

6 - тапсырма Р дыбысын сөзде машықтандыру
Тізбекте! дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сөздегі Р және Л дыбысы бар суреттерде дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру.
Шарты: суреттер арасынан Р және Л дыбысы бар суретті алып, әріптік таңба астындағы жіпке орналастырып, тізбектеу керек.
Балалар: Тапсырманы таратпа суреттер арқылы үстел үстінде және электронды тақта көмегімен орындайды.
- Р және Л дыбысының әріптік таңбасына суретті тауып, жіпке тізеді.

Сергіту сәтін орындау:
Ракета - зымыран!
Ғарышқа оны ұшырам.
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға - солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Балалар: Қимыл арқылы көрсетіп, Р дыбысын сөзде дұрыс айтады.

7 - тапсырма Р дыбысының сөздегі орнын анықтау
Үйін тап! тапсырмасы (Флиппчарт технологиясы арқылы орындау)
Мақсаты: Р дыбысының сөзде (сөздің басында, ортасында, соңында) орналасуын анықтауға үйрету.
Шарты: Тақта көмегімен Р дыбысының сөзде орналасуына қарап, өз үйлеріне суреттерді қойып, сөзді атап беруі керек.
Балалар: алдында орналасқан таратпа суреттермен Р дыбысы бар суреттерді үйшікке орналастырады және электронды тақтада орындайды.

8 - тапсырма Р дыбысын сөйлемде айтып машықтандыру
Сөйлем құра тапсырмасы
Мақсаты: Тізбекті сурет арқылы сөйлем құрап айтуға үйрету.
Шарты: Тақтадағы бірнеше суреттердің тізбегі арқылы сөйлем құрастырады.
- Ара гүлге қонды.
- Айнұр шашын тарақпен тарады.
- Зымыран ғарышқа ұшты.
- Ата домбыра тартты.
- Балалар шарлы ұшырды.
- Балалар теледидар көріп отыр.

Балалар:
- Тізбекті суретке қарап сөйлем құрайды.
- Сөйлемді анық айтуға тырысады.

ІІІ. Қорытынды:
9 - тапсырма Фонематикалық есту қабілетін дамыту
Сақ құлақ ойыны
Мақсаты: Тақырыпты меңгерту, Р дыбысын есту арқылы Л дыбысынан ажыратуын дамыту.
Шарты: Балаға бірнеше сөздер айтылып, сол сөздер арасынан Р дыбысы кездесетін сөздерді естігенде балалар қол шапалақтайды, егер Р дыбысы жоқ болса аяқтарын қозғап белгі беруі керек.
Балалар: - Р дыбысын есту арқылы Л дыбысынан ажыратады;
- Балалар сөзді тыңдап түсініп, қайталайды.

Логопед: - Оқу қызметін қорытындылау, бекіту(сұрақ - жауап арқылы).
- Балалар бүгін сендер араның гүлдерден нәр, шырын жинауына көп көмектестіңдер.
- Балаларға алғыс айтып, мадақтау.
- Балаларды ойынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, қолдарына Араның сыйы балды беріп, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Қолдана алады: Р дыбысының сөзде нақты, анық айтуды, электронды тақтамен жұмыс жүргізуді;
Түсінеді: Есту арқылы Р дыбысын сөздің басында, ортасында, соңында орналасуын анықтай алуы. Суреттегі мәтін мағынасын, сұрақ мазмұнын, ойын, жұмбақ мазмұнын;
Қайталай алады: Дауыс ырғағын дұрыс қалыптасуы. Р дыбысының артикуляциясы мен айтылу қалпын. Дидактикалық ойынның әрекетін. Р дыбысы кездесетін сөздерді айтуы. Дыбысты басқа дыбыстан ажыратып айту.


Скачать


zharar.kz