Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
география пәні мұғалімі Аңсар Нұрсәуле
Жаратылыстану
Тақырыбы: Ай – Жердің серігі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ай – Жердің серігі туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: өздігінен жұмыс істеуіне дағдыландыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынастарын жақсарту,
балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты өткізу технологиясы: СТО стратегиялары(аквариум әдісі, 10 сұрақ әдісі, 2 жұлдыз,
бір тілек әдісі, синквэйн әдісі)
Сабақтың тәсілдері: географиялық диктант, сұрақ - жауап, сәйкестік тест, иә немесе жоқ және т. б
Сабақтың ресурстары: постер, стикер, маркер, үлестірме қағаздар, бағалау парағы.
Топқа бөлу: Жер, Ай, Күн
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық ахуал тудыру (өз атының бастапқы әрпіне байланысты сын есімді сөздер айту) 2 минут
ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
Жеке жұмыс. Оқушының аты - жөні................................................................
1 - тапсырма. (иә немесе жоқ) 2 минут
№ Сұрақтары ---------------------------------------------------------------------------------- жауаптары
1 Темірқазық үнемі оңтүстік бағытты көрсететін жұлдыз ба?
2 Күн Галактиканың орталық нүктесін 250 млн жылда айналып шыға ма?
3 Жай көзбен қарағанда 2, 5 мыңдай жұлдыз көрінеді ме?
4 Күннің орталық бөлігінде 60000 С температура ма?
5 Фобос пен Деймос Марстың серіктері ме?
6 Тастардан, шаң - тозаңдармен араласқан алып мұздардан тұратын аспанның денесі комета ма?
7 Дене заттан тұра ма?
8 Бейорганикалық затқа белок пен крахмал жата ма?
9 Жер мен Күннің ара қашықтығы 150 мың км ме?
10 Жердің жасы 3 млрд жыл шамасында ма?
Бағалау нормасы: 10 - 9 сұрақ 5 ; 7 - 8 сұрақ 4 ; 5 - 6 сұрақ 3 ; 5 - тен төмен 2 .
Өзіңді бағала................
Жұппен жұмыс. Оқушының аты - жөні...............................................................................................
2 - тапсырма. (терминдермен жұмыс) 3 минут
1. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.........................
2. Жеке жұлдыздар тобы...........................................................................................................................
3. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы..............................................................................
4. Жер бетінің кішірейтілген моделі........................................................................................................
5. Табиғаттағы денелердің ұдайы өзгеріске ұшырауы...........................................................................
6. Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар...................................................................
7. Жер Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуі........................................................................
8. Тастардың, астероидтардың, кометалардың кішігірім бөлініп шыққан темір, тас бөлшектері.......................................................................................................................
9. Әр түрлі пішінде қалыптасып, жер атмосферасынан тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары, астероидтары, кометалары мен шаң - тозаңды газдары бар ғаламшарлар, жұлдыз, галактика аралық бос кеңістік.................................................
10. Аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.................................
Бағалау нормасы: 10 - 9 сұрақ 5 ; 7 - 8 сұрақ 4 ; 5 - 6 сұрақ 3 ; 5 - тен төмен 2 .
Өзіңді бағала.................................................................