Велосипед тебу

Скачать

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Балапан балабақшасы Дене шынықтыру жетекшісі:
Секербекова Жазира Бейсенбековна

Тақырыбы: Спорт, әлем, жаз
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балалардың дене бітімін шынықтыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Жазғы спорттық жаттығуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: Доп, қапшық, құрсау, кедергілер.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгін Айгөлек , Балбөбек топтарында өтілетін Спорт, әлем, жаз атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Келіңіздер, келдіңіздер,
Тамашаны көріңіздер.
Бізден мықты, бізден күшті
Кім бар екен біліңіздер.

Жүргізуші: Бүгін, Спорт, әлем, жаз атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса спортшыларымызды ортаға шақырайық. Балалар әуеннің ырғағымен, алаңға келіп сап түзеп тұрып, бағытты өзгертіп, аяқ ұшымен жеңіл жүреді. Бәрі қатармен келіп, бұйрық бойынша 2 топқа бөлінеді.
- Ал балалар бүгінгі жарысқа дайынсыңдар ма?
- Иә!
- Дайын болсаңдар барлықтарыңа сәттілік тілеймін! Тек қана алға!
Жүргізуші: Ал қане бір – бірімізді қолдайық.
Бүгінгі Спорт, әлем, жаз ойын - сауығымызды бастаймыз.

1 - сайыс: Қаппен секіру
Ойынның шарты: Топ балалары қаппен мәреге дейін секіреді, балалар қаптың ішіне екі аяқпен кіріп, жалауға дейін секіріп қайтады.

2 - сайыс: Такси ойыны
Ойынның шарты: Құрсау мәреде тұрады, топ басшысы кедергілер арасымен жүгіріп құрсауды алып, қайта жүгіріп келіп, топ мүшелерін бір – бірлеп мәреге жинайды. Мәреден қайтып, кедергілер арасымен топ мүшелерін орнына жинайды. Кім бірінші сап түзесе, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Денең икемді болса, келбетің сүйкімді болады - деп енді сендердің икемділіктеріңді көрейік

3 - сайыс: Кім жылдам
Ойынның шарты: Топ басшылары допты бір қолмен жерге түсірмей ұстап мәрені айналып қайтады. Келесі балаға допты береді.
Жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса атта.
Аздық етер оның да
Жету үшін мұратқа – деп келесі ойынымызды бастаймыз.

4 - сайыс: Велосипед тебу .
Ойынның шарты: Әр қатысушы балаларға бір велосипедтен беріледі. Олар кезекпен велосипедке отырып, мәрені айналып қайтады. Топ басшысы балаларды велосипедке отырғызып, жіберіп тұрады.
Жүргізуші:
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - дей келе осымен Спорт, әлем, жаз атты ойын – сауығымыз аяқталды.
Келесі кездескенше күн нұрлы, дендеріңіз сау болсын!


Скачать


zharar.kz