Әйеліңіз әдемі болсын десеңіз көңіл бөлуден жалықпаңыз. Сонда ол құлпырады, мейірленеді, сүйеді, әлемді тербетеді
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы. (А. Тұрмағамбетов)
Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады. (Абай)
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды. (Абай)
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді. (Ғ. Мүсірепов)