Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Тазалықтың досы А. Меңжанова (жаттау)
Мақсаты: Б. м: Балалардың жеке басының күтіміне көңіл бөлу, күн тәртібіне үйреніп дағдылану, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Д. м: Сөздік қорларын
байытып өз ойларын толық әрі мәнерлі етіп жеткізуге тәрбиелеу. Дені сау, шымыр болып өсуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Айна, тарақ, орамал, сабын, тазалық
Қостілдік компонент: Айна – зеркало, тарақ – расческа, сүлгі – полотенце, сабын
Керекті құралдар: тақырыптық суреттер, заттар (сабын, тарақ, орамал, айна)
Мотивациялық оятушылық. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті
Шаттық № 15
Ал балалар алдымен сәлемдесіп алайық
бір - бірімізге жылы жүзбен қарап қуаныш сыйлайық
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысыңдар, достарым!
Сәлем, сәлем, сәлем!
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
1) Көркем сөз:
Анау бала, бетін қара
Жуынбапты – ау масқара
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты – ау масқара
- Балалар, бүгін біз тазалық, әрқайсымыздың жеке басымыздың тазалығы туралы сөз болмақшы. Біз өзіміздің денсаулығымызды ойлауымыз керек, аурудан алдын ала қорғануымыз қажет.
2) Мына суреттегі сияқты үсті басы кір, жаман бала болмаймыз.
3) Сұрақ – жауап арқылы балалардан сұрау.
- Неліктен біз таза болуымыз керек?
- Қай уақытта қолды жууымыз керек?
- Кір қолды немен жуып кетіреміз?
- Немен сүртінеміз?
4) Жұмбақ - өлең Бұл не?
А) Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір - ласың, тап - таза боласың. Бұл не? (Сабын)
Ә) Шомылған баланы аймалап алады
Сүртеді қолыңды, сүртеді жонынды. Бұл не? (Сүлгі, орамал)
Б) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
В) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе. Бұл не? (Айна)
5) Тазалық үшін не қажет? дидактикалық ойыны.
Допты балаларға кезекпен лақтырып, тазалық үшін не қажет екенін айтып беру сұралады.
6) Ал енді балалар маған кім тазалық туралы мақал - мәтелдер айтып береді?
- Тәні саудың жаны сау.
- Денсаулық зор байлық.
7) А. Меңжановтың Тазалықтың досы атты өлеңін оқу. Қимыл – қозғалыс арқылы айтады. Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.
Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы
- Орамал мен тарақтың жеке болуы туралы айтып, қалай қолданылатынын түсіндіріп кету.
Рефлекивтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау. Парфюмерия дүкені Сатып алынған заттарды не үшін пайдаланатынын сұрау, қажеттілігін айту.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жеке басының тазалығын үнемі сақтау керектігін білуі керек
Нені игереді: Тазалық бар жерде, денсаулық болатынын меңгерді
Нені біледі: Киімді таза кию – ұқыптылықтың белгісі екенін білді