Бағалы қағаз

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бағалы қағаз. Пунктуация
Оқу тобы: 2 курс УиА - 12
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бағалы қағаз пен пунктуация (тыныс белгілері) жайлы білімгерлердің білімділігін арттыру
Тәрбиелік: Ілтипаттылыққа, ізденімпаздылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Жазу сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: тәжірибе
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, лекция элементтері, сұрақ - жауап, пысықтау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар, плакат.
Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, математика

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Студенттермен сәлемдесу
Ә) Студенттерді тізім бойынша белгілеу
Б) Дәрісхананың және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
В) Студенттерге сабақтың мақсатын баяндау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Венн диаграмманы толтыру
ВЕНН ДИАГРАММА
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ІІІ Жаңа сабақ
Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес құнды қағаздарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады. құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.
Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай - ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай - ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай - ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын, құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.


Скачать


zharar.kz