Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары.
Мақсаты: Оқушылар Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен зардаптары туралы оқиды, топта жұмыс жасап, мәтінді талдайды. қорытындылайды, формативті бағалайды.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсіл: тест, ЖИГСО 1, электронды оқулық, венн диаграммасы
Сабақта қолданылатын технология: СТО
Сабақ типі: аралас
І. Ұйымдастыру кезеңі
(Сәлемдесу, 4түрлі - түсті қағаздарды таңдау арқылы топтарға бөлу.)
І топ Алтын Орда, ІІ топ Ақ Орда, ІІІ топ Моғолстан.
Әр топтың басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы: Қарақшылар ойыны (Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар слайдта тұрған қарақшылардың сұрақтарына жауап беру керек):
1. Алтын Орданың Астанасы. Сарай Бату, Сарай Берке
2. Ақ Орданың тарихи шеңбері. XIV - XV ғ. басы
3. Ақ Орданың негізін қалаған. Орда Ежен
4. Алтын Орданың негізін қалаған хан? Батый
5. Алтын Орданың әскери істерді басқарғандар: Беклербек
6. Ханға адал қызмет істегені үшін берілетін жер: Сойырғал
7. Ақ Орда Алтын Ордадан мүлдем оқшауланды қай ханның тұсында? Ұрыс хан
8. Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алмақ болған кім? Әмір Темір
9. Моғолстанды билеген әулет: Шағатай
10. Моғолстанның орталығы? Алмалық
11. Моғолстанның алғашқы ханы: 1348 ж. Тоғылық Темір хан
12. Батпақ шайқасында жеңіске жетті. Ілияс Қожа 1365 ж. 22 маусым
13. Моғолстанның беделді тайпасы: Дулат тайпасы
14. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ

III. Жаңа сабақ: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Ой шақыру үшін сұрақ: Оқушылар назарына Түркістан қаласында орналасқан Қ. А. Иассауи кесенесінің суреті интербелсенді тақта арқылы ұсынылады. Бұл кесененің салынуына дүние жүзіне әйгілі қандай билеуші үлес қосты?
Жоспар:
1. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.
2. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Жаңа тақырыпты меңгерту
(Электронды оқулық. Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі, оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.)
Мағынаны ажырату. (Оқушылар оқиды, постер қорғайды ).
Тапсырма. 1 - топ: 112 - 113 бет, Әмір Темір Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары оқу. Жорықтарды картаға түсіру.
2 - топ: 97 - 98 бет Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары , Ассоциация жасау.
3 - топ: Әмір Темір жорықтарының зардаптары топтастыр

IV. Жаңа тақырыпты пысықтау. Сәйкестендіру тесті.
1370 - 1405 - Мауаранахарды басып алды. Содан 35 жыл бойы жеке дара билік жүргізеді.
1391ж - 200 мың әскермен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанады.
1372 - 1390 - Моғолстанға он шақты рет жорық жасаған. 1376ж Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар-адинді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады.
1377ж - Моғол әмірі Қаратау етегінде және Бұғым шатқалында Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілген.
1384 - 1391жж - Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорық жасап, Моғолстанның түкпір – түкпіріне 120 мың әскер аттандырады.
1390ж - Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті.
V. Ой толғаныс. Шыңғысхан мен Ақсақ Темір тұлғасына қандай баға берер едіңдер? Эссе жазу
Үйге тапсырма: &26 - оқу, Әмір Темір туралы аңыз әңгімелер жазу


Скачать


zharar.kz