Сабақтың мақсаты: Р дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс, анық айтуға машықтандыру. Суреттердің атын атату. Бейнелі сурет бойынша сөз құрап айтуға үйрету.
Түзетушілік мақсаты: Есту зейіндерін көре отырып, есте сақтау қабілетін, қиялдарын елестету қабілетін, ақыл – ой және фонематикалық естулерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың еңбекке деген сүйіспеншіліктерін дамыту, сыныпта тыныш отыруға, үлкенді сыйлау және қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Р фонемаларының артикуляциялық кескіні, тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреттері. Әріптердің кесіндісі, айна, түрлі – түсті қағаздар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық кезеңі.
Армысың досым,
Кел маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық.
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық.
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
- Ал, қандай жылы лебіздеріңді білдіресіңдер?
Аяздай мықты бол!
Қардай аппақ бол!
Судай таза бол!
Мұғалім:
Мұздай мөлдір бол!
2. Тыныс алуға арналған жаттығулар
а) Алғашқы қалпы (аяқ қосулы): орыннан тұрып, иықтар ашық; басын түзу ұстау; бір қолын диафрагмаға қойып, екіншісін қабырғаға қояды. Бір дегенде терең дем алып, тынысын ұстап қалады; 1, 2, 3, 4, 5 дегенде бірқалыпты дем шығару (санап тұрып).
ә) А. қ. 1 – ші жаттығудағыдай. 1, 2 дегенде терең тыныс алып; 1, 2, 3 дегенде демін ұстап қалу; 1, 2, 3, 4, 5 дегенде бірқалыпты дем шығару.
3. Мимикалық жаттығулар мен беттің бұлшық еттеріне массаж.
а) Лимон жегенде. (3 – 4 рет)
ә) Қуанғанда. (3 – 4 рет)
б) Таңғалғанда. (4 – 5 рет)
в) Ренжігенде. (4 – 5 рет)
4. Ерінге арналған жаттығу
а) Екі ерінді ауыз ішіне тарту. (1 - 4 рет)
ә) Үстіңгі және астыңғы ерінді уқалау. (1 - 4 рет)
б) Ерінді алдыға созуын үйрету.
Түйіскен еріндерді алдыға түтікше тәрізді созу. ( 1 - 5 рет)
в) Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп қиналмай жымию (балаға дұрыс істеуді үйрету үшін іштен и дыбысын айту керек). (1 - 5 рет)
5. Артикуляциялық жаттығулар.
Р дыбысына байланысты жаттығулар жасаймыз.
Кімнің тісі таза?
Ауызды аздап ашып тілді оңға – солға жылжытып, тілдің ұшымен жоғарғы тістерін іш жағынан тазалау керек.
Сылақшы
Жымиып, аузын ашып, тілді алға – артқа жылжыта отырып, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау керек.
Дәмді тосап
Жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
Дабылшылар
Жымиып, аузын ашып, тіл ұшымен жоғарғы иістер артында д дыбысын анық және бірнеше рет қайталап тоқылдату керек: д – д – д. Алғашқыда д дыбысын ақырын (баяу), бірте – бірте жылдамдатып айтқызу керек.
6. Дыбысты айтуын машықтандыру.
Ойын Жануарларға айналамыз .
Бір, екі, үш, жануарларға айланамыз.
Итті бейнелеңдер, ол қалай ырылдайды (рррр).
Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады (тр – р – р, тр – р – р).
Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р).
Қарғаның баласы қарны ашып анасын дауыстап шақырады (кар – р – р – р).
7. Буындарды қайтала (оқы).
Ра – ра – ра – ара Ар – ар – ар – қар
Ро – ро – ро – ром Ор – ор – ор – тор
Ру – ру – ру – керу Ур – ур – ур – ура
Ры – ры – ры – рыс Ыр – ыр – ыр – отыр
8. Сергіту сәті.
- Р дыбысының қөңілі көтеріліп, өлеңдете бастады. Бізде оған қосылып оның өлеңін айтайық (Ра – ра – ра ұшып келді ара. Ар – ар – ар тауға жауды қар. Ыр – ыр – ыр шаршап қалсаң отыр.
9. Дыбыстың талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.
Тапсырмалар:
Аңның атауы Ж дыбысынан басталып, С дыбысымен аяқталады.
Бұл не? (жолбарыс). Неше дауысты дыбыс бар? Неше буыннан тұрады? Р дыбысының орнын анықтаңдар. Бұл сөз неше дыбыс бар?
- Шашылып қалған дыбыстарды жинап, сөз құрастырыңдар: к , і , р , к , е .
- Буындары шатасып кеткен сөздерден жануарлардың аттрын құрастырыңдар: ра - зеб, қыр - қас, лы - ғаш - қар.
9. Балаларды мақтап, мадақтау.
10. Қорытынды.
- Біз бүгін сабақта не істедік?
Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?
11. Үйге тапсырма беру.