Ақпарат тасуыштар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт дискілер. Дискіжетек. СD,DVD дискілер.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Компьютерлер, иілгіш және компакт дискілер. Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру. Дискіжетек пен CD, DVD жұмыстарымен таныстыру.
Сабақтың типі: Көрсете-түсіндіру.

Жаңа сабақ:
Комьютердегі жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден иілгіш және компакт диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық болады. Соңғы уақытта IBMтипті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін (хард-диск) қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады. Сондай-ақ соңғы кездерде ақпаратты сақтауға қолайлы Флеш-жады - брелоктар қолданылады. Олар 128Мбайтттан – 64Гбайт аралығында ақпарат тасымалдай алады.
н жүктеп алу [ b] (қанша рет жүктелді: 425)


Скачать


zharar.kz