Балаңыздың аты - жөні

Скачать

Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға
болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Міндеті:
1. Ата - аналармен ұстаздардың кездесуі;
2. Ойынға қатысушылар арасындағы қарым - қатынасты орнату;
3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу.

1. Танысу жаттығуы. Мен баламды сүйемін деп алақаның жүрегіне қойып баласының және өзінің есімін айтады. Бейнетаспа көрсетіледі
Адамдар да өсімдік тәрізді жақсы күтілмесе, жайнап өспейді (Ш. Монтескье)
Егер: баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
- Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
- Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды.
- Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
- Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.
- Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
- Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі.
- Бала түсіністік және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббатты тануды үйренеді.

2. Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата - ана жауап береді)
Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата - ана.

1 - сынып оқушыларының ата - аналарына арналған сауалнама
Аты - Жөніңіз:______________________________________________
Балаңыздың аты - жөні:______________________________________
Сұрақтарға балдық көрсеткіштермен жауап бересіздер.
Әрбір иә деген жауап 2 балл. Жоқ деген жауап 1 балл.


Скачать


zharar.kz