Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты
Білімділік – логарифмдік теңдеулерді шешуге логарифм қасиеттерін тиімді қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық – теориялық білімін практикада ұштастыра отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, топпен, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік - оқуға саналы көзқарасқа, өз мүмкіндігіне жете білуге, өз еңбегін бағалай білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұжым намысын қорғауға, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Негізгі идея: Логарифмнің негізгі қасиеттерін толық меңгерту, логарифмдік теңдеулерді шеше білуге үйрету.
Табыс критерийі: Оқушылар логарифмдік теңдеулерді шешуде логарифм қасиеттерін қолдана білуді үйренеді, логарифмдік өрнектері бар тапсырмаларды түрлендіріп есептеуді үйренеді. Логикалық ойлау дағдысын, өз ойын жинақтап, жүйелі жеткізе біледі.
Модульдер: СТО
Әдістер: Топтық, жұптық, жеке жұмыстар түртіп алу.
Дерек көзі: Оқулық, постер, түрлі түсті қағаздар, сызғыш, карандаш, формула т. б.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Оқу құралын тексеру
Топқа бөлу. Стикер алу арқылы.
1. Санның логарифмі.
2. Ондық логарифм.
3. Натурал логарифм.
Бүгінгі сабақта жақсы нәтижеге жету үшін әрбір кезеңдер ұпаймен есептеледі. Бағалау парағына топ басшылар топ мүшелерін бағалайды.
Миға шабуыл Үй жұмысын тексеру сұрақ – жауап арқылы: № 292
Өткен сабаққа шолу
І топ. Сәйкестендіру тестімен жұмыс.
1. Логарифм қасиеттері: формуланы тап
№ 1. қосымша
ІІ топ. Балама жауапты тест.
2. Логарифмдік функция: стратегия иә және жоқ № 2 қосымша
ІІІ топ.
3. Логарифм тарихы. № 3 қосымша.
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару жүктеу