Бұрыштың қандай түрін білесің

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі: Аяужан Кадылбекова

Математика
Тақырыбы: Бұрыш түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыштың мәнді белгісін айқындау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Өзін - өзі басқарып, білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы
а) оқу - көрнекілік құралдар: Оқулық, дәптер, қалам, интерактивті тақта, плакаттар.
б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карталар, бағалау жұлдызшалары.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, дүниетану
Қолданатын әдебиет: математика 2 сынып

Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:
Тек бестік алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Топқа бөлу: Оқушыларға мысал жазылған карточка таратып, сол карточка арқылы топтарының атын анықтау.
5+5 = л
7+7 = д
9+4 = о
5+6 = а
7+5 = ғ

7+8 = ү
6+6 = р
8+8 = с
9+5 = й
7+6 = і

8+8 = і
7+7 = к
9+9 = т
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:
Өткен материалды қайталау.
1 топ:
1. Көпбұрыш дегеніміз не?
2. Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. 1 метр неше сантиметр, неше дециметр болады?
2 топ
1 Сызықтардың қандай түрін білесің?
2 Сынық сызықтар неше түрге бөлінеді?
3 Сынық сызықтың ұзындығын қалай табады?
3 топ
1 Ұзындық өлшем бірлігін ата
2 Қандай геометриялық фигураларды білесің?
3 Геометриялық фигураларды немен белгілейді?

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Бұл үшбұрышты сызғыш. Осы сызғыш көмегімен біз бұрышты сыза аламыз. Үшбұрышты сызғыш көмегімен тік бұрышты анықтайды.
Егер бұрыш тік бұрыштан кіші болған жағдайда, бұрыш сүйір бұрыш деп аталады. Ал бұрыш тік бұрыштан үлкен болса, доғал бұрыш деп аталады.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:
1 тапсырма: Плакатта орналастырылған фигураларды ата.

3 тапсырма: Фигуралардың төбесін ата.

4 тапсырма: Суретте неше тік бұрыш, неше доғал бұрыш, неше сүйір бұрыш бар екенін анықта.
5 тапсырма: тақтамен жұмыс.
1 – топ
50+7
42 - 2
17 - 7
20+6
98 - 90
86 - 80
2 - топ
55 - 50
40+7
46 - 6
58 - 50
3 - топ
36 - 30
70+4

6 - тапсырма: Мәселе есеп. Барлық топтың оқушыларына арналған
Хайуанаттар бағында 36 маймыл болды. Оның 6 – ауы шимпанзе, ал қалғандары – мартышкалар. Хайуанаттар бағында неше шимпанзе бар?
Барлығы – 36 маймыл
Шимпанзе – 6
Мартышка -?
36 – 6 = 30
Жауабы: 30 мартышка

Сабақтың қорытындысы
- Бүгін қандай жаңа ұғымдармен таныстық?
- Бұрыштың қандай түрін білесің?
- Доғал бұрыш дегеніміз не?
- Сүйір бұрыш ше?
- Бұрышты қандай құралмен анықтаймыз?
Бағалау: Әр тапсырма орындалған сайын жинаған әр оқушының фишкасын санау және сол фишка арқылы тиісті бағасын қою. Және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау.
Үй тапсырмасы



Скачать


zharar.kz