Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Дамытушылық: Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту:
Тәрбиелік: Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: постер, интерактивтік тақта, маркер, оқулық, атлас.
Әдісі: интерактивті
Сабақтың түрі: аралас сабақ, топтық жұмыс
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым - қатынасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару. Сыныппен амандасу. Амандасудың түрлері: Сәлеметсіз бе, бас изеу, қол беру, арқа қағу, қол былғау.
- Балалар мен сендерді сабағымызды бастамас бұрын Сиқырлы заттар дүкеніне шақырамын.
Дүкенде не бар деп ойлайсыңдар
Дүкенде: ұшақ текемет, сиқырлы таяқша, бас киім, болашақ көрсететін айна.
Кім не сатып алар еді (заттар арқылы оқушының мінез құлықтарын анықтау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ендеше біз бүгін осы заттар арқылы анықталған мінезімізбен бүгін өз білімдеріңді жұппен топпен ойымызды ортаға салып жұмыс жасайық. Қазақ - қалмақ қатынастары тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесіне көңіл аударайық:
1628ж.
1697ж.
1723ж.
1726ж.
1771ж.
Жауаптары: 1628ж.- Ойрат тайпалары Торғауыттар қазақ даласы арқылы батысқа қарай көшіп Еділ бойына дейін жеткен. Содан бастап Еділ қалмақтары деп аталды.
1697ж.- Орыс патшасы I Петр Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттеді.
1723ж.- Әбілқайыр хан қыркүйектің бас кезінде қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолдық әскерін бастап, Еділ қалмақтарына жорық жасады.
1726ж.- Әбілқайыр хан 10 мың қолдық әскерімен Еділ қалмақтарына жаңадан жорық жасады. Ол жорық өзара келісім жасаумен аяқталды.
1771ж. – Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз қазақтары Шаңды жорық шайқасына жаппай қатысты.
Сұрақ: Мойынты өзенінің бойында 50 мың адамдық жасақ бастап қалмақтарды қоршап алған сұлтан – Абылай
ІІІ. Жаңа сабақ: Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.
Жоспармен таныстырып әр топқа тақырыпты үлестіру:
1 - топ Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы
2 - топ Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым - қатынас.
3 - топ Абылайдың қазақ тарихында алатын орны
Топтады алтын ережелермен таныстыру, бағалау парағын топ басшыларына жүктеу
Әр топқа тапсырма:
1. Мәліметтерді оқу
2. Топта талдау
3. Постер жасау
4. Топтан 2 оқушы қорғау
5. 15 минут уақытта аяқтау
6. Жұмысты қорғау 3 минут
ІV. Қорытынды: Топтар бір - бірін бағалайды 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы
V. Сабақ бойынша кері байланыс:
(оқушылардың сабақ бойынша пікір, ұсыныстары)
VI. Үйге тапсырма.
Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер. Абылай ханның өмірі мен қызметі жөніндегі шығармаларды оқу, біліп келу.
Кері қайту