Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Тақырыбы: Құлақ – есту мүшесі
Мақсаты: Есту мүшесінің қызметі жайлы түсінік беру.
Міндеті: 1. Есту мүшелерінің орналасу реттілігін анықтап, олардың жұмыс істеу қызметін жазу.
2. Есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау.
3. Қоршаған дүниені есту арқылы танып білудің тізбегін жасау.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер, шаблондар, слайдтар, интерактивті тақта, т. б.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру, Ана тілі, Салауаттану, Музыка
Жүрісі:І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
ІІ. Үй тапсырмасы:1. Сезім мүшелері.
2. Көзді дұрыс күте білу ережелері.
ІІІ. Жаңа сабақ
Құлақ-есту мүшесі
1. Танып білу: Музыка әуенін жіберу.
- Оқушылар сыныпта қандай жағдай болды?
- Біздер не істедік?
Оқушы ойын тыңдау.
Биле-биле, балақай,
Асыр салып алақай
Билеп-билеп ән салып,
Ойнайықшы, балақай!
Қыдырәлі мен Қарақат ұлттық нақыштағы қуыршақтар шығаратын
Бай бала атты жеке фирмасын ашты. Қазіргі таңда сол қуыршақтар сатылымда.
- Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау және мақсатын түсіндіру.
2. Түсіну: Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардан есту мүшесі құлақ туралы білетіндерін сұрау.
- Оқушыларға жаңа тақырыпты оқыту.
3. Білімді жинақтау:
Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі деп аталатын үш бөліктен тұрады.
1. Сырты құлаққа құлақ қалқаны жатады.
(Ол дыбысты қабылдайды)
2. Одан дыбыс есту жолдары арқылы дабыл жарғағына барады.
3. Дабыл жарғағының қозғалысы ортаңғы құлақ сүйекшелерін іске қосады.
Спорттың осы сияқты жаттығуларында тепе-теңдік қалыпты құлақ атқарады.
Бастың қозғалысын құлақ ішіндегі тепе-теңдік қалыпты ұстайтын каналдар басқарып және соған жауап береді.
Ақпарат алғаш сезім мүшелеріне, одан кейін жүйке арқылы миға жетеді.
- Көпірден өткенде тепе-теңдікті қалай сақтайсыздар?
4. Қолдану:
Құлақты күту ережелері:
1. Құлақты үшкір затпен тазалама, дабыл жарғағы тесілсе, зақымданса адам саңырау болып қалады.
2. Құлаққа қиқым түссе немесе шыбын-шыркей кіріп кетсе дәрігерге барып алдырған жөн.
3. Құлақты суық тиюден, үсіп қалудан сақта.
4. Өте қатты дыбыс құлаққа зиян, есту қабілеті нашарлайды. Мысалы құлаққа қойып музыка тыңдау, шу. т. б.
5. Ой дамыту: Сарамандық жұмыс
- Барлығымыз құлағымызды сұқ саусақтарыңызбен бекітіңіздер. Менің айтқан сөзімді мұқият тыңдаймыз. Тыңдап болған соң қорытынды жасаймыз.
1. Дауысымды қатты шығарып 1-2 сөйлем айту.
2. Жай дыбыстап 1-2 сөйлем айту.
- Не сезіндіңдер?
- Оқушы қорытындыларын тыңдау.
1. Мен дауысымды қатты етіп сөйлегенде, оқушылар дыбысымды еміс естіді.
2. Жай сөйлегенде оқушылар естімеді. Кейбір сақ оқушылар ғана еміс ести білді.
6. Сергіту сәті:
7. Жинақтау:Дәптермен жұмыс
Есіңе сақта!
Дыбысты жақсы есту үшін, құлағыңды күте біл!
8. Ойланып жауап беру: Суреттермен жұмыс
- Суреттерді қара. Әр заттан шығатын дыбысты ми қалай қабылдайды?
9. Венн диаграммасы
Екі суретті салыстыру.
- Адам айналадағы құбылысты қайсы суреттен құлағы немесе көзі арқылы анықтайды?
ІҮ. Қорытындылау
10. Өзіңде бақыла:Тест
- Оқушылар дұрыс жауапты шаблондар арқылы көрсетеді.
1. Құлақ қалқаны бастың қай жағында орналасқан?
а) бастың ортаңғы тұсында
ә) бастың екі жақ жанында
2. Мылқау болып туған бала сөз үйрене алады ма?
а) үйрене алады
ә) үйрене алмайды
3. Құлақтың дабыл жарғағы қандай болады?
а) жұқа
ә) қалың
4. Құлақ неше бөліктен тұрады?
а) 2
ә) 3
Ү. Үйге тапсырма:
1. Оқу, мазмұнын айту.
2. Құлақты күту ережелерін жаттау.
ҮІ. Бағалау