Дамытушылық

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 3 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету, 3 санының құрамы жайлы есептеулер жүргізуде қолдану білігін тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекті құралдар: суреттер, сандар тізбегі, электронды оқулық, Венн диаграммасы.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, түсіндіру, ойын әдістері, СТО.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қоңырау үні дамылда,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.

ІІ. Өткенді еске түсіру.
Ой шақыру:
- Бәріміз 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санап шығайық:
Сан санайық, мүдірмей,
Бар ма, кәне, талапкер?
Ал, Арлан,
Кідірмей,
Беске дейін санап бер.
1, 2, 3, 4, 5

О, Арлан, жарадың,
Бестік санды өте тез,
Әрі дұрыс санадың.
Енді, Шыңғыс, шырағым,
Санай қойшы мұны әрі,
6, 7, 8, 9
Бәріміз боп 10 деп тағы
Қайта есепке көктейміз.
Оннан қайта кері санап,
Бірге дейін жет дейміз.
Ойланайық бір мезет
Абайлайық, қарайық,
Санды енді тізбелеп
Кері қарай санайық.
Ұғымталға бәлендей,
Қиын емес бұл талап,
Оннан кері,
Бөгелмей,
Бере алады кім санап?
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

- Енді, балалар, Кім жылдам? ойынын ойнау арқылы өткен сабақты пысықтаймыз.

+2 - 3 +1

ІІІ. Жаңа сабақ:
- Ерте заманнан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі үш санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата – бабаларымыз да санын қастерлеп, үш санымен атап, ата заңдарына, салт - дәстүріне арқау етіп келеді.
Мысалы: Үш жүз, үш жамандық, үш жақын, үш мұрат, үш тоқтам, үш тәтті, үш жұрт, үш қуат, үш ғайып, үш арсыз.
- Әлем халықтарының үш санына қонақ болып көрейік.
- Үш – ең ерекше сандардың бірі.

IV. Кіріспе әңгіме:
- Олай, болса біз бүгінгі сабағымызда 3 санын қосу және азайтуды өтеміз. Сабақтың мақсаты 3 санын қосу және азайтудың ең тиімді әдіс - тәсілдерімен танысамыз.
2+1+1+1=5
10 - 1 - 1 - 1=7
2+2+1=5
10 - 2 - 1=7
2+3=5
10 - 3=7


Скачать


zharar.kz