Әрбір үй бикесі білуге тиіс 10 әдіс - тәсіл

Скачать

Әрбір үй бикесі білуге тиіс 10 әдіс - тәсіл

1. Цитрустық жемістерден қалған дақты ыстық сүттің көмегімен кетіруге болады. Сүтті ысытып алыңыз да кірленге құйыңыз, заттың дақ тиген жері бататындай болсын, 20 минутқа қалдырыңыз. Сонан соң затты әдеттегідей жуыңыз.

2. Тоқ шәугім ішіне тұрып қалған қақты кетіру үшін, су құйып қайнатыңыз сонан соң, бір қалта лимон қышқылын салыңыз. Осы тәсілмен кір жуғыш мәшинені, үтікті қақтан тазартуға болады.

3. Кілем үстіне немесе киімге жабысқан қыл - қыбыр, жүнді тазарту үшін, скотчты пайдалануға болады. Оның жабысқақ жағына жүн мен түрлі ұсақ қоқымдар жақсы жабысады.

4. Асханадағы кафель плиткаларындағы майлы кірді ас содасының көмегімен тазартуға болады: арзан да тиімді әрі үнемді.

5. Аса қатты кірлеген асхана жиһаздарының бетін нашатыр спирті қосылған сумен жуса жақсы тазарады. Бұл құралдың исі нашар бірақ тазалыққа кепілдік бар.

6. Бөлмедегі сөрелерге шаң қонбасын десеңіз, шаң сүртетін шүберекті кір жууға арналған кондиционермен сулап алып сүртіңіз. Нәтижесінде сөрелерге шаң аз қонады.

7. Терезе әйнектерінің кірін пияздың көмегімен тазартуға болады. Пиязды ортасынан бөліңіз де терезені ысқылаңыз! Пияздың исі қалады деп қорықпаңыз, қалмайды. Терезе әйнектері тез кірлеп кетпесін десеңіз: 30 мл су, 70 мл глицирин, 1 - 2 тамшы нашатыр спирті қоспасымен сүртіңіз.

8. Линолеумдағы сиядан қалған дақты майда егеуқұм қағазымен (наждачная бумага) кетіруге болады; егелген жерді сұйық маймен майлап қойыңыз да жүннен тоқылған матамен ысқылаңыз.

9. Кілемге тамған майды кетіру үшін, кір жуғыш ұнтақ пен бензин қосылған қоймалжыңды жағып бірнеше сағатқа қалдырыңыз, соңынан сумен жуып жіберіңіз.

10. Кастрөлдің сырты жылтырап тұрсын десеңіз 1 ас қасық тұз бен 1 ас қасық сірке қышқылын қосып ысқылаңыз.

Ескерту: Жоғарыда аталған тәсілді қолдану үшін қолыңызға резеңке қолғап киіп алып жасаған дұрыс.

Әлеуметтік желіден алынды.

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz