Лиро - эпостық жырлардың түрлерін топтастыру

Скачать

Қазақ әдебиеті (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Лиро - эпостық жырлар
Сабақтың мақсаты:
а) лиро - эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау т. б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?
3. Тұрмыс - салт жыры дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі - ғашықтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты - басты үш ерекшелігі бар.
Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы - екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет – зары, махаббаты.
Екіншіден, батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым - қатынастар, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан лиро - эпостық жырлар туралы түсінікті оқу, ойларын жеткізу.

Топпен жұмыс: Лиро - эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.
Лиро - эпостық жырлар

Қозы Көрпеш - Баян сұлу
Айман - Шолпан
Сұлушаш
Қыз жібек
Ләйлі - Мәжнүн
Құсырау - Шырын
Қалқаман - Мамыр

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Лиро - эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?
2. Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Лиро - эпостық жырлар туралы оқып, кітаптар алып келу.


Скачать


zharar.kz