Игерілген әдіспен баскетбол ойыны

Скачать

Тақырыбы: Игерілген әдіспен баскетбол ойыны

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға баскетбол ойынының ережесін үйретіп,техникаларын меңгерту.
Тәрбиелігі: Шапшаңдылыққа,ептілікке, икемділікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Спортқа деген ынтасын арттырып,күш-жігерлерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сабақта пайдаланылатын құрал: Себет, баскетбол добы, ысқырық және көрнекі құралдар.
І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Бірқатарға сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау. Оқушыларды түгендеу.
2.Жүгіру жаттығулары.
3.Сапта орындалатын жаттығулар.Сапта тұрып,аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту жаттығуларын орындау. Жалпы дамыту жаттығулары.

ІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақтың тақырыбы:“Игерілген әдіспен баскетбол ойыны”
1.Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2.Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
3.Ойын техникаларын үйрету.
4.Екі жақты ойын баскетбол.

1-жаттығу
Баскетбол добын ұстау әдісі, допты бір қалыппен алып жүру
2 –жаттығу
Допты екі қолмен иықтан лақтыру және допты жоғарыдан лақтыру әдіcі
3-жаттығу
Допты екі қолмен кезек-кезек алып жүру

ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыныпты сапқа тұрғызу.
1.Оқушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып өту.
2. Бағалау.
3.Үйге тапсырма беру.
Баскетбол добымен жаттығулар орындау


Скачать


zharar.kz