ШығармашылықБілім көздері

Скачать

Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім көздері: Математика
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Мақсаты: 1. 7 - ге дейінгі сандарды қайталап, білімдерін бекіту.
2. 7 - ге дейінгі сандардың таңбалануын және есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
3. Зейінділікке, ойшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: 7 - ге дейінгі сандар тізбегі, жұлдызша, балық, ойындар

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Психологиялық дайындық
Сейсенбінің сәтті күні
Сәттілікке толсын
Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең 5 – тік болсын

ІІ. Үй тапсырмасы
Жұлдызшалар орнын тап ойыны

ІІІ. Ой қозғау
Математикалық жұмбақ
Алдында үш балапан
Артында екі балапан
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын балақан
Жауабы: 7

ІУ. Жаңа сабақ
- Балалар қазақта 7 саны - киелі, қасиетті, тақ сан. Сонымен бірге аптаның соңғы күні 7 күн. Ендеше 7 санына байланысты нелерді білеміз?
7

Шелпек
Ата
Күн
Қазына
Жоқ
Қат, көк
Қарақшы

У. Алтын балық ертегісі
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Олай болса ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Алтын балық ертегісі
Ертеде бір балықшы теңіз жағалауына балық аулауға барыпты. Бір сәтте оның қармағына бір алтын балық ілініпті.
Алтын балық балықшыға, Мені өз мекеніме жіберші - сіздің қанша тілегіңіз болса да, барлығын орындайын,- депті. Сол кезде балықшы ойланып менің бір - ақ тілегім бар!
Маған аспандағы жұлдызды алып бер,- депті. Алтын балық балықшының жалғыз тілегін орындап әр баланы бір жұлдызға теңеп, шоқ жұлдыз сыйлапты.

УІ. Қоянның тапсырмасы
7 - ге дейін тура сана
УІІ. Дәптермен жұмыс
7 санын ауамен жазу
Сергіту сәті
Көңілді күн
УІІІ. Логикалық тапсырма
Аюдың тапсырмасы


Скачать


zharar.kz