Батыс Түрік қағанатының астанасы

Скачать

Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы,
№45 "Ақ Орда" мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы

Ойлан тап! интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ұштастыру, танымдық қызығушылығын арттыру
Білімділік – оқушыларды үш топқа бөле отырып, оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;
Дамытушылық - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың шығармашылыққа ынталандыруын, ойлау, іздену қабілетін дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды отан сүйгіштікке, шұғыл шешім қабылдай білуге, іскерлік қабілетке, жинақылыққа, өз ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, слайд, суреттер, Қазақстан картасы
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Ойынның шартымен, сайыстың түрлерімен таныстыру
2. Әділ қазылар алқасымен, топ құрамымен таныстыру (7 сыныптар аралығы)

1 сайыс
Әр топ өз топ атауын, ұрандарын және эмблемаларын қорғайды. 3 мин (10 балл)
2 сайыс
Терминология
Тапсырма. Берілген терминдердің мағынасын жазу (5 балл)
1) Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі
2) Инал – Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.
3) Вакф – мешіттер мен медреселердің жер иелігі
4) Орда – хандық биліктің орталығы
5) Руна – түркілердің көне жазуы
6) Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым
7) Ихта – феодалға шартты түрде берілетін жер үлесі. Жер иеленудің бір түрі.
8) Сүзеген - Сұлу қағанға берген арабтардың атауы.
9) Селиф - салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға берген атақ
10) тат - құл

3 сайыс
Математикалық шкатулка
Тапсырма. Есеп шығарып, сол датада қандай оқиға болғанын айту. 3 минут 10 балл
1) 5 х 100 х 3: 2 – 198 = 552 (Батыс түрік қанаты) (5 балл)
2) (20 х 5) + (60 х 3) + (120 х 5) – 10 = 870 (Әл Фараби) (5 балл)

1) 75 х 10 + 1 = 751 (Атлах шаиқасы) (5 балл)
2) (1000: 20 +160): 30 + 935 = 942 (Қарахан мемлекеті өмір сүрді) (5 балл)

1) (1250+1000) – (1700 - 75) + 131 = 756 (Түргеш қағанаты құлады) (5 балл)
2) (3000 - 2500) + (356 х 2) = 1212 (Қарахан мемлекеті құлауы) (5 балл)

4. сайыс
Ғалымдар айтады
Оқылған мәтінді тыңдап деректердің авторын табу. (10 балл)
1) Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтқан кім. (В. В. Бартольд).
2) Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. (Махмуд Қашғари).
3) Түркістан аймағында оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіргенін айтқан ғалым. (Ибн Хаукаль).
4) Қай ғалым Оғыздар мен қимақтар туралы Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды деп айтты. (Әл - Идриси).
5) Оғызнаманы XVII ғасырда толық жазып қалдырған қай хан: (Әбілғазы хан).
6) Монғол жеріндегі ІХ - ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан... әсерінен әлсіреді деп айтқан ғалым: (Рашид ад - Дин).

5 сайыс
Шешендік сайыс
Алдын ала берілген тақырып бойынша капитан командалары арасындағы ой толғау жарысы
Тәуелсіздік – тұғырым , Қазақ хандығына 550 жыл , Ұлы Жеңіске 70 жыл

6 сайыс
Блиц - сұрақтар
І топтың сұрақтары
1. Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет. (Түрік қағанаты).
2. Түрік этнонимі қытай жылнамаларында кездесе бастаған жыл. (542 жыл).
3. Бумын қаған осы оқиғадан кейін ел - хан атағын алып Түрік қағаны болады. (Жужан қағанын жеңгеннен кейін).
4. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. (Мыңбұлақ).
5. Батыс Түрік қағанатының астанасы. (Суяб).
6. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойлаған Батыс Түрік қағаны. (Тон Қаған).
7. Батыс Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: (Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды).
8. Оғыздардың құрамындағы тайпалар саны. (24).
9. Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. (Махмуд Қашқари).
10. Оғыздарда жабғудың мұрагерлері. (Инал).


Скачать


zharar.kz