Аландаймын алтыным жоғалғандай, Анамның көрінбесе кимешегі

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің,
Сабағындай шырмайды шырмауықтың
Үмітпенен, арманмен, күдікпенен,
Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн.
... Шешем менің еңкейіп бара жатыр,
Қай күні келер екен нала батыр .
Жел маған сыбырлайды аят оқып:
Бір күні айрыласың, қара да тұр .
Кім білсін, көңіл, қандай күй кешеді,
Қаңырап қалуы оңай үй кешегі.
Аландаймын алтыным жоғалғандай,
Анамның көрінбесе кимешегі.
Шешем менің - иілген сұрау белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.
Қалай ғана қалпына келтірерсің,
Дауылдар майыстырған мынау белді.
Ұлың сені жұмаққа бергісі жоқ,
Жұмағың да тамұқ қой - көргісіз от.
Осылай көз алдымда жүре берші,
Сұраулы сөйлемдердің белгісі боп.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz