Балаларда жеке - жеке қандай орталықта болғанын, қай орталықпен жұмыс ұнағаны туралы сұрау

Скачать

Тақырыбы: Бір уыс мақта
Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық
Бөлімі: Көркем әдебиет, Сурет
Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру, әңгімелеу арқылы ойын, қиялын дамыту, әңгіме жанрларын ажырату, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу. Шапанға ою - өрнектің суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту. Жұмыстың нәтижесіне жете білуге, әсемдікке мән беруге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. Көріп, есте сақтауын дамыту, сөйлеу белсенділігін қалыптастыру
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, қуыршақтар, қызы мен анасы, әңгіме желісі бойынша суреттер, карточкалар
Қажетті құрал - жабдықтар: бояулар, таяқшалар, сүрткіштер, су құйғыш, қағаз
Сөздік жұмыс: Күн өтпей жатып , шапан
Ұлттық киім, ою - өрнек атаулары
Билингвальды компонент: мақта - вата, ана - мама, торғай - воробей

Іс - әрекет кезеңдері Мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту
Өзі аппақ қардай,
Жұмсақтығы мамықтай

Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
Мақта туралы Ы. Алтынсариннің Бір уыс мақта деген қызықты әңгімесімен танысамыз. Ы. Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы педагог жазушы, этнограф. Кәне, кім Кел балалар оқылық өлеңін біледі екен, айтып бересіңдер ме?
Балалар кезекпен өлеңді жатқа айтады.
- Жарайсыңдар, балалар!
Балаларға Бір уыс мақта әңгімесінің мазмұнын айтып беру
Сөздік жұмыс.
Күн өтпей жатып деген сөздің мағынасы бір күннің ішінде болған деген мағынаны білдіреді.
Шапан - ер адамның сырт киімі.
Әдебиет орталығында әңгімені қуыршақтар арқылы жақын танысып, әңгімелейміз.
Өнер орталығында атаға арналған шапанды бота мойын ою - өрнегімен мақта таяқшасымен дайын шапанды өрнектейміз.
Үлгіні тақтадан көрсетіп, түсіндіру.
Үстел - үсті ойыны орталығында Кім зерек дидактикалық ойыны ойнатылады. Ойынның шарты: алдарындағы суреттерді әңгіме желісімен өз орындарына қойып шығу.
- Ал, балалар, жақын келіп, өздерің таңдаған орталықтың карточкаларын алып, орталықтарға бөліне қойыңдар.
Әр орталықтармен жұмыс жасау

Сұрақ - жауап:
- Кішкентай қыз не істеп отырды?
- Анасы қызына қандай ақыл айтты?
- Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?
- Оны не алып кетті?
- Құс мақтаны не үшін алып кетті?
- Балаларда жеке - жеке қандай орталықта болғанын, қай орталықпен жұмыс ұнағаны туралы сұрау.
Салынған суреттерді тақтадан қаратып, өздеріне ұнайтын суретті көрсетіп, несімен ұнағанын сұрау.

Рефлексиялық кезең
Қорытынды.
Қуанышты хабарлама тарату, мәтінін оқып беру
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Бір уыс мақтаның да пайдасы бар екенін;
Орындайды: Ата - ананың айтқанын тыңдау керек екенін;
Қолданады: Кез - келген заттың керегі болатынын;

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №2 Айгөлек
бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Диханбаева Гүлімхан Жақсылыққызы


Скачать


zharar.kz