5 сынып
Сабақ тақырыбы: “We love the world”
Мақсаты:
Қоршаған ортаны қорғап, зиян келтіретін заттар туралы білім алады. Жаңа сөздермен танысу арқылы сөздік қорлары молаяды. Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын талдауға үйренеді.
Оқыту нәтижелері:
Қоршаған ортаны қорғап, зиян келтіретін заттар туралы білді. Сөздік қорлары молайды. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын білді.
Әдіс - тәсілдері: Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекі құралдары:
Негізгі ресурстар: Кітап Т. Аяпова, интерактивті тақта, маркерлер, ватмандар, қима қағаздар, компьютер, презентация, ActiVote тестілеу құралы.
Негізгі идеялар:
Мәтінмен аударуда топтасып, тапсырмаларды талқылауда, досынан интервью алғанда, сабақтың әрбір кезеңінде жұптасып, мәтінді оқып шыққанда, тест орындауда, үй тапсырмасын тексеруде жекелей еңбек етеді. Сабақ барысында жұмыс жасауларын мұғалім қадағалап, қателерін дұрыстап, жұмыстың жасалу сапасына қарай мадақтап, мақтап, қолпаштап смайлик таратады. Тест орындауда, сабақ барысында жалпы жұмыс жасау сапасына қарай әр оқушы өзін – өзі бағалайды.
Қамтылған модульдер: АКТ, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, оқудағы көшбасшылық, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Іс - шаралар
Ой қозғау
Топқа бөлу
Семантикалық карта
ЖИГСО - I
Жоба жасау
Кері байланыс
Бағалау \формативті және жиынтық бағалау\